{metadescription}
«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығына өтініштер қабылдау басталды
«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығына өтініштер қабылдау басталды

«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығына өтініштер қабылдау басталды

«Бауыржан» қайырымдылық қорының ұйымдастырып жүрген дәстүрлі шара биыл 12-ші рет өткізілмек.

Аталмыш жоба қаражат пен күш-жігерді аямай, қоғамның дамуына үлес қосқан адамдар мен ұйымдарды іздейді. Қайырымдылықтан ақша аямаған отандық кәсіпкерлер мен компаниялар «Алтын жүрек» атағын иелене алады. Жалпы, ұйымдастырушылар биыл мұқтаж адамдарға қол ұшын созғысы келетіндер санының артқанын айтады. Солардың арасынан ең үздік шыққан нағыз «Алтын жүректілер» арнайы белгіге ие болмақ. Ал өтініштер 15-ші қыркүйекке дейін қабылданады. Жеңімпаздар 27 қазанда Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында марапатталады.

Гаухар Қыныбаева, «Бауыржан» қорының жобалық менеджері:

-Сыйлықтың биылғы ерекшелігі сыйлыққа 12-ші номинацияны қосып отырмыз. Тағы бір ерекшелігі қатысушыларға жеңіл болу үшін онлайн тіркеумен өтуге мүмкіншілік жасадық.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде