{metadescription}
Мысырда апатқа ұшыраған автобус ішінде болған отандасымыз мән-жайды түсіндірді
Мысырда апатқа ұшыраған автобус ішінде болған отандасымыз мән-жайды түсіндірді

Мысырда апатқа ұшыраған автобус ішінде болған отандасымыз мән-жайды түсіндірді

Мысырда қазақстандық 22 турист мінген автобус аударылып қалды. Екі отандасымыз қазір Рас-гариб қаласындағы ауруханалардың бірінде жатыр.  Қалғандары дәрігерлік көмекке жүгінбепті. Зардап шеккендердің бірі жағдайды былай баяндады.

-Бәріміз ұйықтап жатқанбыз, автобус аударылып кетті. Жүргізуші ұйықтап кеткен сияқты. Кейде жолға жануарлар шығып алып, мұндай жағдайлар жиі болып тұрады дейді ауруханадағылар. Бірақ жүргізушінің өзі жолдан шығып кеткендей көрінді. Ауруханада біреулерге томография, біреулерге рентген жасалды. Сосын осы экскурсияға ұшақпен баруды ұсынды. Бірақ бәріміздің денеміз көгерген, теріміз жырылған. Оған барудан бас тарттық.

Жол апаты Хургада-Каир тасжолында, Рас-гариб елді мекенінің тұсында болған. Жерлестерімізді сонда апарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіпті. Бірлі-жарымы байланысқа шыққанымен, аты-жөндерін айтып, түрлерін көрсетуге қарсылық білдірді. Әзірге отандастарымыздың пирамидалар еліне саяхаттап барғаны белгілі. Бірақ қандай жолдамамен жеткені беймәлім. Өйткені «Туристік қамқор» қоры олардың базаға тіркелмегенін айтып отыр. Сондықтан қор тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеуі мүмкін. Қалған 20 қазақстандыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ дейді Сыртқы істер министрлігі.

Айбек Смадияр, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

-Қазіргі таңда екі қазақстандық азамат Рас-гариб елді мекенінің ауруханасында орналасқан. Олар дәрігерлердің бақылауында. Жалпы жағдайлары жақсы. Қалған 20 адам тексерілгеннен кейін қонақ үйлеріне жеткізілді. Олар демалыстарын жалғастырып жатыр.

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.