{metadescription}
Диас Қадырбаев отанына оралғалы жатыр
Диас Қадырбаев отанына оралғалы жатыр

Диас Қадырбаев отанына оралғалы жатыр

АҚШ-та лаңкестік әрекетке қатысы бар деген айыппен сотталған қазақстандық Диас Қадырбаев бостандыққа шықты. Енді отандасымыз жақын күндері елге экстрадициялауды тағатсыздана күтіп отыр.

Естеріңізге салсақ, 2013 жылғы сәуір айында Бостон марафонында ағайынды Царнаевтар лаңкестік әрекет ұйымдастырғаннан кейін қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовтың қолына кісен салынған еді. Оларға тергеу жұмыстарына кедергі келтірді, айғақтарды жасырды деген айыптар тағылды. Себебі, жерлестеріміз осы іс бойынша өлім жазасына кесілген Жохар Царнаевпен аралас-құралас болған. Кейін АҚШ соты қазақстандықтарды кінәлі деп танып, Қадырбаевты 6, Тәжаяқовты 3 жылға бас бостандығынан айырды. Осыдан екі жыл бұрын түрмеден шыққан Азамат елге оралып қойған. Енді көп ұзамай Диас та келуі тиіс. Айта кетейік, Бостонда 5 жылдан аса уақыт бұрын болған лаңкестік салдарынан 3 адам қаза тауып, 260-тан аса адам жараланған.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде