{metadescription}
Бірнеше рет өзгерген Конституцияның қауқары мен келешегі қандай?
Бірнеше рет өзгерген Конституцияның қауқары мен келешегі қандай?

Бірнеше рет өзгерген Конституцияның қауқары мен келешегі қандай?

Бүгін елімізде Конституция күні аталып өтуде. Бұл – мемлекеттік мейрам. Сондықтан, бүгін-ертең еліміз бойынша демалыс  жарияланған. Республика халқын мерекемен президент Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.

Бүгінгі мейрам Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықты құттықтауынан басталды.  Президент мерекелік хатында Ата заңымыздың егеменді еліміздің дамуына қосқан үлесі мен мемлекеттік маңызын  жігіт түсіндірген және азаматтарды  айтулы күнмен  құттықтаған

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Конституция мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалай отырып, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан қоғамын біріктіруге зор үлес қосты.Қазіргі кезеңдегі қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың конституциялық нормалары – бүкіл Қазақстан халқы үшін сенімді болашақты қамтамасыз ететін дәйекті даму мен жаңғыру үдерістерінің негізі! Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, игі бастамалар мен бақ-береке тілеймін!

Астанадағы Конституция күніне арналаған шаралар арасынан Сәкен Сейфуллин атындағы музейде өткен шағын көрмені ерекше атап өтуге болады. Ұйымдастырушылар мұнда әр жылы Ата заң туралы газет-журналға шыққан мақалаларды жинап, топтастырып қойған. 

Арай Талғатқызы, Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайдың бөлім меңгерушісі:

-Бұл жерге біз қойғанымыз 95 жылдан бері жарық көрген мақалалар, яғни ол жерде Нұрсұлтан Назарбаевтың шыққан  жарлығынан бастап әртүрлі мақалалар жарияланған.  Бұл көрменің мақсаты – келер ұрпаққа Конституциямызды кеңінен насихаттау болып табылады.

Енді Ата заңымыздың тарихына келсек.  Еліміздің бас құжаты осыдан  23 жыл бұрын бүкілхалықтық референдум арқылы  қабылданған. Ол тоғыз бөлімнен, тоқсан сегіз баптан тұрады. Конституцияда адам өмірінің бостандығы, азаматтардың құқығы мен міндеті жазылған. Авторлардың Ата заңды әзірлеген Францияның Конституциясына сүйенгенін  және француздың екі заңгерінің оларға көмектескенін айта кетейік.

Қайрат Мәми, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы:

-Бүкілхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды. 7 миллионнан астам қазақстандық, яғни дауыс бергендердің 89 пайызы жаңа Конституцияны қолдады. Міне, 23 жыл өткеннен кейін, ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Өйткені, қолданыстағы Конституция тыныштықты, экономикалық өсуді және Қазақстанда құқық үстемдігін қамтамсыз етіп отыр. Сондықтан , бүгінгі  –  ол үлкен мереке. Мән-мағынасы осындай. 

Тәуелсіз еліміздің Ата заңына  төрт рет: 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары  өзгеріс енгізілді. Жаңа Конституция бойынша тұңғыш президенттің құқықтары көрсетілген. Лаңкестерді азаматтықтан айыру туралы  бап та  соңғы түзетуде  енгізілді.

Юрий Голик,заң ғылымдарының докторы:

-Заңгер ретінде сіздердің Ата заңдарыңыздың қалай өзгергенін зерттеп, танысу мен үшін қызық. Себебі, Қазақстанның заңдары әлемде болып жатқан жаңалықтарға мән беріп, қалыс  қалмауға тырысады. Маңызды тұстары Конституцияға да әсер етеді. Бұл өте дұрыс. Заманауи заңсыз мемлекетті басқару мүмкін емес.

Сондай-ақ, жаңа Конституцияға сай, Президент өзіне тиесілі 35 түрлі билігін Үкімет пен Парламентке бөліп берді. Үкіметті премьер-министр депутаттармен ақылдасып жасақтайды. Тек Қорғаныс, Ішкі және Сыртқы істер министрлерін Елбасы тағайындайды. 

-Сондай-ақ, президент Ата заңымыздың кепілі болып қала береді.  Биыл тәуелсіз еліміздің төл Конституциясына 23 жыл толғанымен, қазақ заңдарының тарихы тереңде жатыр. Ата заңымыздың түп-төркіні сонау  Қасым ханның «Қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы», әз-Тәукенің «Жеті Жарғысы»  сынды тарихи заңдардан басталады.

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.