{metadescription}
Мұғалімдердің орнын роботтар басып жатыр
Мұғалімдердің орнын роботтар басып жатыр

Мұғалімдердің орнын роботтар басып жатыр

Қытайда мұғалімдердің орнын роботтар басып жатыр. 600 балабақшаның бүлдіршіні жаңа тәрбиелеушілерімен танысты.

Дөңгелек ақ басты, беттің орнына сенсор экран орнатылған роботтың биіктігі бар-жоғы 60 см. Білім саласындағы жаңа қызметкерге Кико деген есім де берілген. Ақылды робот балаларға қызықты әңгімелер мен ертегілер айтып, жаттығу мен тапсырмаларын ұсынады. Егер бүлдіршін дұрыс жауап берсе сенсорде қызыл жүрек жанады. Одан бөлек кез келген сұрақтарға жауап береді. Мұндай мұғалімнің құны 10 мың юань, яғни 500 мың теңге. Бұл аспанасты еліндегі бір педагогтың айлық жалақасы. Құрастырушылар өз өнімдерін басқа елдерге сатуды жоспарлап отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.