{metadescription}
Елімізде күн суытып қар аралас жаңбыр жауады
Елімізде күн суытып қар аралас жаңбыр жауады

Елімізде күн суытып қар аралас жаңбыр жауады

Алдағы демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірлерінде күн күрт суиды. Синоптиктер Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарында түнде температура минус  бір градусқа дейін  төмендеп, қар аралас жаңбыр жауады  деп отыр.

Қазір нағыз күзгі науқанның қызған шағы. Ал осы өңірлердің бәрі еліміздің астықты аймақтары екендігін ескерсек, бұл  жағдай диқандар үшін қиын соғатын түрі бар. Өйткені әлі орылмаған ылғал бидайды үсік шалып, шаруалар қып -қызыл шығынға батуы мүмкін. Синоптиктер мұндай ауа райы солтүстікте  демалыс күндері ғана емес, алдағы аптада да сақталады деп отыр. Ендеше, жаңа  оқу жылын бастайтын оқушыларға да қолайсыз болмақ.   Суық ауа ағымын еліміздің теріскейіне Батыс Сібірден келген циклон әкеледі екен. Секундына 15-20 метр екпіні бар қатты желдің соңы қар аралас жауынға ұласпақ.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.