{metadescription}
Азиада-2018: Қазақстандық спортшылар 61 медальға қол жеткізді
Азиада-2018: Қазақстандық спортшылар 61 медальға қол жеткізді

Азиада-2018: Қазақстандық спортшылар 61 медальға қол жеткізді

Индонезияда өтіп жатқан 18-ші жазғы Азиада ойындарында қазақстандық спортшылар 61 медальға қол жеткізді. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан қазір 11 алтын, 11 күміс және 39 қола медальмен 11-ші орында тұр.

Бүгін ерлер арасындағы судағы полодан отандастарымыз қытайлықтарды 8 де 9 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Сондай-ақ, 78 келіге дейінгі салмақта дзюдошы Гүлжан Исанова монғолдық спортшыны жеңіп, қоланы қоржынға салды.

Жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Азиада ойындарының төрт дүркін чемпионы атанды. Ол секіруден 14 метр 26 сантиметрге қарғып, үздік нәтиже көрсетті. Оның қарсыластары бұл көрсеткіштің тіпті маңына да жоламады.

Велотрекші Артем Захаров үздік үштікке еніп, қола медальға ие болды. Атлетикадан әйелдердің эстафеталық командасы да финалда Азиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.