{metadescription}
Біртанов екпеден кейін көз жұмған келіншекке қатысты түсініктеме берді
Біртанов екпеден кейін көз жұмған келіншекке қатысты түсініктеме берді

Біртанов екпеден кейін көз жұмған келіншекке қатысты түсініктеме берді

Ажалы масадан келді! Астанада 28 жастағы семейлік келіншекті көзінің тұсынан жәндік шағып алып, ісіп кеткен. Қалалық ауруханаға барса, ондағылар екпе салыпты. Күйеуі сыртта бала-шағасымен күтіп отырса, оларға сәлден соң «қайтыс болды» деген хабар жеткен.

Мақпал Еспенбетова қаралу үшін Астанадағы  №1 қалалық ауруханаға барған. Ондағылар аллергияға қарсы «Преднизолон» препаратын егіпті. Өйткені келіншектің аллергиясы бар екен. Соның кесірінен есінен танып қалған ол ойламаған жерден жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер 50 минут арпалысқанымен, жанын сақтап қала алмапты. Артында 8 жастағы ұлы мен 6 жасар қызы қалды. Жақындары енді оның ажалына дәрігерлерді айыптап отыр. Себебі, екпе салмай тұрып келісімін алмаған дейді. Ал Денсаулық сақтау министрлігі тайлы-тұяғымен қалмай бұл жағдайға қатысты толыққанды тексеріс бастап кеткен. Тексерудің басында министр Елжан Біртановтің өзі тұр. Яғни марқұмның терісі мен екпеге қолданылған ампула және препараттың улылығына дейін түгел қарамақ.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бұл жағдай бойынша құқық қорғау органдары мен Денсаулық сақтау министрлігі тексеруді бастап кетті. Жағдайды жеке бақылауымда ұстаймын. Өкініштісі, анафилактикалық шоктан ешкім сақтандырылмаған. Бірақ бекітілген стандарттарға сай толыққанды көмек көрсетілуі керек болатын. Не болғанын анықтап, ақпаратын береміз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде