{metadescription}
Тәтішев ісі  бойынша Әбіләзов тағы сырттай сотталуы мүмкін
Тәтішев ісі  бойынша Әбіләзов тағы сырттай сотталуы мүмкін

Тәтішев ісі бойынша Әбіләзов тағы сырттай сотталуы мүмкін

Бас прокуратура Ержан Тәтішевті өлтіртті деген күдікке ілінген Мұхтар Әбіләзовке қатысты тергеуді аяқтады. Мәліметтерге қарағанда, кезінде БТА банкінің басқарма төрағасы болған марқұм Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берген Әбіләзов.

Сондықтан миллиардтарды жымқырған қашқын банкирге «қасақана адам өлтіру» бабы бойынша қосымша айып тағылған. Құзырлы орындар атышулы іске қатысты өзге ақпаратты әзірге құпия ұстап отыр. Бірақ олигархтың кінәсін дәлелдейтін айғақ жеткілікті дейді. Енді Бас прокуратураның бірнеше шақыртуын елемей, Францияда жайбарақат жатқан Әбіләзов осы том-том қылмыстық іспен танысуы тиіс. Айта кетейік, БТА банкінің бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Тәтішев 13 жыл бұрын аңшылықта жүргенде өлтірілген. Оны мылтығымен атқан атақты «шыны королі» Мұратхан Тоқмәди. Сол үшін биыл наурыз айында 10 жарым жылға бас бостандығынан айырылған ол сот залында қылмысты Мұхтар Әбіләзовтің тапсырысымен жасағанын айтқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.