{metadescription}
Павлодарда лауазымды шенеунік парамен қолға түсті
Павлодарда лауазымды шенеунік парамен қолға түсті

Павлодарда лауазымды шенеунік парамен қолға түсті

Павлодарда ірі көлемде пара алды деп айыпталған облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы 2 айға қамауға алынды. 38 жастағы Ернұр Байғұрманов жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 100 мың АҚШ долларын талап еткен.

Тергеу материалдарына қарағанда, шенеунік аталған соманы көмір өндірісімен айналысатын екібастұздық кәсіпкерден сұраған екен. Байғұрмановқа талап еткен 100 мың АҚШ долларын ұстатқан кәсіпкер, кейін бұл туралы құзырлы органдарға жайып салыпты. Сөйтіп, шенеуніктің жұмыс орны мен пәтерін түгел тінткен ұлттық бюроның қызметкерлері пара алу фактісінің болғанын анықтаған. Осы іске қатысы бар деген күдікпен Мемлекеттік кірістер департаментінің тағы екі қызметкерінің тергеліп жатқанын айта кетейік. Ал Байғұрмановтың өзі кінәсін мойындағысы жоқ. Мұнысын дәлелдеу үшін соттан бас бостандығына шектеу қоймауды сұрап, құны 20 миллион теңге тұратын нысанды кепілдікке беретінін жеткізді. Шенеунік бұл қызметіне бір жыл бұрын кіріскен. Кәмелет жасына толмаған үш баласы барын айта кетейік. Кінәсі дәлелденген жағдайда, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Балтабай Дүнбекбаев , тергеу судьясы:

– Байғұрманов сот залынан 2 айға қамауға алынсын. Уақытша қамау мерзімі 31-ші тамыздың түнінен саналсын. Айыпталушының өзі, адвокаты немесе мемлекеттік айыптаушы соттың бұл шешімін үш тәулік ішінде бұздыруға құқылы.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде