{metadescription}
Ақтөбеде "Алтын белгі" иегері сыныптасын қалай өлтіріп алғанын жылап тұрып айтты
Ақтөбеде "Алтын белгі" иегері сыныптасын қалай өлтіріп алғанын жылап тұрып айтты

Ақтөбеде "Алтын белгі" иегері сыныптасын қалай өлтіріп алғанын жылап тұрып айтты

Ақтөбеде қатарласын пышақтап өлтірген «Алтын белгі» иегеріне қатысты сот басталды. Мектепті үздік бітірген түлекке қасақана адам өлтірді деген айып тағылып отыр. Бозбалалар арасындағы жанжалға би кешіндегі түсініспеушілік себеп болған.

Сотталушының жасы не бары 17-де. Бірақ тағылған айып ауыр. Сот басталғалы басын көтермеген ол арасында жылап та алады. Халықаралық білім додаларынан топ жарып, биыл ғана «Алтын белгі» иегері атанған оның қылмысқа барғанына жақындары тұрмақ, өзінің де сенгісі келмейді. Оқиғаның басы мектеп бітіру кешінде басталған. Билеп жүріп қатарласы Азат Дүсіповтың аяғын басып кетеді. Бұған ашуланған бозбала оның соңынан қалмай, әлеуметтік желі арқылы маза бермейді. Кейін көшеде кездесіп, төбелесді. Сол кезде пышақ сілтеуіме тура келді дейді сотталушы.

-Мен пышақты жерден көріп, оны алған кезде Азатты қорқытқым келді. Ол қорқып, мүмкін төбелесті тоқтатар деп ойладым. Бірақ ол керсінше маған қарай шабуылдады. 

17 жастағы Азат жүрегіне тиген пышақ жарақатынан көз жұмады. Айыпталушының оны қасақана өлтірмедім деп ақталғанына қарамастан, қара жамылған ата-анасының кешірім бергісі жоқ.

Азамат Байболатов, мемлекеттік айыптаушы:

-Бөтен адамды қасақана қазаға ұшырату мақсатында, Дүсіповтің кәмілетке толмағанын біле тұра, үстіндегі спорттық күртешесіндегі өзімен бірге алып жүрген жиналмалы пышақты алып шығып, сот-медициналық сараптама қортындысына сәйкес ауыр зиян келтірген денсаулығына.

-Бұған дейін сотталушыға қылмыстың ауырлығына байланысты істің төрелігін қазылар алқасының қарауына жіберуді ұсынған еді. Бірақ ол одан бас тартты. Енді оның құқығын ата-анасы мен қос адвокат қорғауда. Ал куәгерлікке тартылатындардың дені биыл ғана мектеп бітірген түлектерді құрайды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.