{metadescription}
Маңғыстаудағы аурухана жұрттың жағасын ұстатты
Маңғыстаудағы аурухана жұрттың жағасын ұстатты

Маңғыстаудағы аурухана жұрттың жағасын ұстатты

Маңғыстау облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы адам шошырлық күйде. Емхананың қақыраған қабырғасын айтпағанда, науқастарға беретін тағамы аз, ал дәрі-дәрмек мүлдем жоқтың қасы. Ата-аналардың шағымынан кейін арнайы тексеріс жүргізген ақтаулық белсенділер де балалардың құқығы тапталып жатыр деген қорытындыға келген. Тіпті емдеу мекемесінің басшылығы да істің насырға шапқанын жасырмайды. Алақан жайып отырғанымызға үш жыл болды. Бір тиын бөлмейді деп жылап отыр.

Анна Қадырованың 5 айлық қызымен Маңғыстау облыстық  жұқпалы аурулар аурханасына түскеніне  бірнеше күн болған. Келіншек осы уақытта көргенін айтып жағасын ұстап отыр. Дәрі-дәрмектің 70 пайызын сатып алыпты. Сәбиді жатқызатын манежді көршісі екеуі жалынып жүріп әрең сұрап алған. Ал таңғы асқа бір түйір  нан мен шәй бергенде шыдамның да шегі бар деп айқайға басыпты.

Анна Кадырова:

-Бізді бірден емдеген жоқ. Дәрігер біразға дейін дәрі-дәрмектің тапшы екенін айтпай жүрді. Медбикелер адамға жақындауға қорқады, себебі бұл жерге келгендердің бәрі ашулы. Себебі бұнда не ыстық су жоқ. Баланы жуындыра алмайсың. Бөлмелердің жағдайы анау сылақтары түсіп жатыр. Өзіміз үйден алып келген тамағымызды жылытатын қысқа толқынды пеш те жоқ. Суық ас жеп артынан ыстық шай іше саламыз.

Ауруханадағы адам төзгісіз жағдай бұған дейін де талай айтылған.  Бір жыл бұрын ғана төсек жетпей ата-аналар кішентай нәрестелерімен жерге жатқанда шу шығарған еді. Содан бері түк өзгермепті.

Шаяхмеден Берғалиев, Маңғыстау облыстық ауруханасы жұқпалы аурулар орталығының бастысы:

-Кішкентай балалар жататын төсектер жетіспейді. Бізде ондай манеждердің 10 ғана бар. Реанимацияда тағы төртеу. Бұл жетпейді әрине. Әр ата-анаға бере алмайтынымыз сондықтан. Ал жөндеу жұмыстары соңғы рет он жыл бұрын жасалған. Құрылысқа ақша сұрап жүргенімізге 3 жыл болды.

Ақ халататылар алақан жайып жүргенде Ақтаудың белсенділері ата-аналармен бірігіп балар құқығын қорғайтын Республикалық Омбудсменге арыз дайындап жатыр. Олар емханада сәбилердің құқығы өрескел бұзылуда дейді. Бюджеті ешбір жыртығын жамауға келмейтін жұқпалы аурулар ауруханасы қазір Маңғыстау облыстық ауруханамен бірігіп жатыр екен. Дәрігерлер екі мекеменің бюджеті толық қосылғанда жағдай өзгерер деп үміттенеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде