{metadescription}
Елімізде жанармай, дәрі мен киім-кешек қымбаттап кетті
Елімізде жанармай, дәрі мен киім-кешек қымбаттап кетті

Елімізде жанармай, дәрі мен киім-кешек қымбаттап кетті

Алдағы екі жылда инфляция деңгейі қатты көтеріледі. Осылай деп дабыл қаққан Ұлттық банк  бұған осы бастан дайын болу керек деп ескертіп отыр. Ал қауіп-қатер Ресейден келмек. Өйткені, әлемдік қауымдастық көрші елге санкцияны күшейтіп жатыр. Осы кезде елімізде баға үсті - үстіне қымбаттап жатыр.

Қымбаттаған негізінен азық-түлік емес, ішіп-жемге жатпайтын тұтыну тауарлары. Мәселен, дизель отынының қымбаттауы осы күні 17 пайыздан да асып кеткен. Киім-кешек те арзан дүние болмай барады. Бір аяқ киімнің өзі шамамен 6 пайызға қымбаттаған. Дәрі-дәрмек пен тұрмыстық заттардың құны да өсіп барады дейді ресми дереккөз. Оған қоса, әуе, теміржол билеттері де осы күні шарықтап тұр екен. Ол аз болғандай, Бас банкир Данияр Ақышев жақын күндері жағдайдың оңалмайтынын осы бастан-ақ айтып отыр.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

-Біріншіден, Ресейге қарсы сакнциялар режимін күшейту есебінен рубльдің әлсіреуі. Екіншіден, мұнай бағасының төмендеуі. Үшіншіден, әлеуметтік шығындар мен кредиттеудің өсу нәтижесінде тұтынуға деген сұраныстың артуы. 

-Сонда, нарықтың осынша құбылуына Ресей кінәлі ме? Бастапқыда, көрші елге салған санкцияның салдары тимейді делінді ғой.

Иә, биліктің ресми дерегіне салсақ, Ресейге салынған санкция бәріне сылтау бола беретін түрі бар. Бірақ, мәселенің мынадай да қыры бар. Негізінен қымбаттап әуе, теміржол билеттері мен дизель отыны дедік қой. Ал оның барлығының басында ұлттық компаниялар отыр. Сондықтан, нарықтағы баға айырмашылығын солар қолдан жасайды дейді сарапшылар.

Әрине, Ресейге келетін инвестицияның қысқаруы, рубльдің құлдырауы біздің импорттық өнімдеріміз бен теңгеміздің тағдырына әсер етпей қоймайтыны белгілі. Дегенмен, ұлттық компаниялар осыны сылтау қылып, өтірік бағаны көтермесе, инфляция дәлізін 4-6 пайыз деңгейінде сақтап қалуға болар еді дейді.

Жангелді Шымшықов, экономика сарапшысы:

-Лобби. Былайша айтқанда, қолында билігі барлардың істеп отырған әрекеті. Екінші не қымбаттады? Қымбаттаған әуе билеттері. Әуе билеттері 18,6 пайызға қымбаттады. Енді ол да 20 пайызға жақындап қалды. Енді инфляцияны тартып, көтеріп жатқан кім екен? Жекеменшік кәсіпкер ме, әлде ұлттық компаниялар ма?

Ал Монополияға қарсы комитет немесе тұтынушылар құқығын қорғау комитеті дегендер жағдайды ретке келтіруге шамасы жетпей отыр. Сондықтан, олардың құзыретін кеңейтіп, тікелей президентке бағынатындай қылу керек дейді мамандар.

Кеше

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде