{metadescription}
Өзбекстан азаматтары жанып кеткен автобустың жолға шығуына рұқсаты болмаған
Өзбекстан азаматтары жанып кеткен автобустың жолға шығуына рұқсаты болмаған

Өзбекстан азаматтары жанып кеткен автобустың жолға шығуына рұқсаты болмаған

Ақтөбе облысында 52 өзбекстандық тірідей жанып кеткен автобус екі жыл бойы бұзылып, жүргізушінің ауласында қаңырап тұрған. Көліктің тіпті техникалық құжаты дұрыс болмай шықты.

Тексеру жүргізгендер көлікті қалай халықаралық рейске шығарғанына таң қалып отыр. Ауыл арасында әрең жүретін автобусты сапарға шығаруға рұқсат бергендердің әрекетін түсінбей дал. Сондықтан автобуста тірі қалған үш жүргізушіден бөлек, автопарк басшысы мен механикті жазалауды прокурорлар соттан талап етіп отыр. Көліктің негізгі жүргізушісі Мақсат Пернебеков қасына екі ауылдасын көмекші ретінде жұмысқа алған. Олардың қолында тиісті куәліктерінің жоқтығына да көз жұма қарапты. Ең сорақысы бұзылған көліктеріне қыстық жанармай құюды қымбатсынады. Соның кесірінен арзан сұйық отын аязда қатып қалған. Ал Өзбекстаннан келген марқұмдардың туыстары жәбірленуші ретінде 5 сотталушыдан моральдік және материалдық шығын өндіруді талап етіп отыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде