{metadescription}
Астанада ана өлімінің жиілеуінен соң   акушер-гинекологтар қайта  оқытылмақ
Астанада ана өлімінің жиілеуінен соң   акушер-гинекологтар қайта  оқытылмақ

Астанада ана өлімінің жиілеуінен соң акушер-гинекологтар қайта оқытылмақ

Астанада босану үстінде әйелдер бірінен соң бірі қайтыс болып жатқан атышулы перзентхананың бас дәрігері ақыры  қызметінен кетті. Мұнда соңғы бірнеше айдың өзінде 4 келіншек толғақ үстінде көз жұмды.  Үш күн бұрын осында ажал құшқан әйелдің сәбиінің  хәлі нашар. Ал қайғылы жағдайлар жиілеген соң денсаулық сақтау саласының шенеуніктері акушер-гинекологтарды жаппай қайта оқытуды бастағалы жатыр.

Соңғы кездері басы  даудан арылмаған №1 перинаталдық орталық бұл. Перзентхананың бас дәрігері Дина Тұрақбаева осында үш ай ішінде болған төрт бірдей қайғылы жағдай ұшін жауапкершілікті енді сезінсе керек. Өз еркімен арыз жазып қызметінен кетіпті. Ал денсаулық сақтау басқармасы 1-ші қыркүйекте босану үстінде көз жұмған төртінші келіншектің  өліміне де  марқұмның өзін кінәлап отыр.

ИВАН КОРКАН, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ШТАТТАН ТЫС ГИНЕКОЛОГЫ:

-   Қайтыс болған әйел  жүкті болған кезде біздің орталыққа келіп есепке тұрды. Сол кезде дәрігерлер оның қант диабетімен ауыратынын біліп, инсулин қабылдап тұруға кеңес берген. Бірақ ол дәріні ішуден бас тартқан болуы мүмкін. Мұның бәрі кері әсер еткен.  

35 жастағы Әлфия Спабекова бұған дейін екі баланы еш қиындықсыз босанған. Туыстары үшіншісіне аяғы ауыр кезде де денсаулығы жақсы болатын деп отыр. Сондықтан марқұмның қайғыдан қан жұтқан жақындары өлімге ақ халаттыларды кінәлайды.

НӘЗИРА ЖОЛЫМБЕКОВА, МАРҚҰМНЫҢ ЖЕҢГЕСІ:

-Екі шырылдаған бала кімге қалды? Кімге тастап кетті оны? Кім оның кінәсін көтереді? Дәрігерлер  көтере аласыңдар ма? Қанша адамды жылатып. Бұл не сұмдық не сұмдық айтыңыздаршы?

Келіншекті  аман алып қала алмағанымен, дәрігерлер кесар тілігін жасап, іштегі сәбидің өмірін сақтап қалған. Бірақ оның жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Жалпы бұл Астанада соңғы бірнеше айда болған 5-ші ана өлімі. 4 қайғылы жағдай осы №1 орталықта болса, біреуі №2 перзентханада тіркелген. Енді дауға қалған медициналық ұйымда ауқымды қызметтік тексеріс жүріп жатыр. 

ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

-Қажетті тексерістер, экспертиза құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткіземіз. Расында да медициналық стандарттар бұзушылық болса, тиісті шаралар қабылданады.

- Ана өлімінің медициналық қондырғылары жап-жаңа    бас қалада  жиілеуі еліміздің бас дәрігерін де толғандырып отыр.  Сондықтан  Денсаулық сақтау министрлігі акушер гинекологтардан бастап анестезиолог-ревмотологтарға дейін қайтадан жаппай оқытпақшы. Тіпті, ол үшін қала бюджетінен 100 миллион теңге бөлініп қойған.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде