{metadescription}
Сағадиев хиджап киген қыздардың мектепке кіргізілмейтінін тағы ескертті
Сағадиев хиджап киген қыздардың мектепке кіргізілмейтінін тағы ескертті

Сағадиев хиджап киген қыздардың мектепке кіргізілмейтінін тағы ескертті

Түркістан облысында хиджап киген қыздар мектепке кіре алмай қалды. Бұл жағдай Мақтарал ауданына қарасты Фирдауси ауылында орын алып отыр. 1-ші қыркүйек күні білім ордасына орамал тағып келген оқушыларды мектеп басшылары мен жергілікті шенеуніктер аттап бастырмады.

Фирдауси мектебіндегі оқушы қыздардың басым көпшілігіне орамал тағу үрдіс болып қалған. Екі жыл бұрын оқуға хиджаппен келуге болмайтыны туралы заң шыққан соң да бұл оқу ордасы ережені бұзып келген-ді. Фирдаусиліктер үшін хиджап діни көзқарас жағынан ғана емес, жалпы мектеп формасын алмастырған. Сондықтан қыздарының білім мекемесіне кіргізілмей жатқанына ата-аналары да жаппай қарсылық танытып әлек. Бірақ күнгейдегі мәселеге бірінші болып білім министрінің өзі жауап берді. Ерлан Сағадиев орамал кигендер мектепке жолатылмайды деп кесіп айтты.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және Ғылым министрі:

-Заң бойынша мектептерге кіргізбейді. Енді біз оларға арнайы комиссияны жіберіп, ата-аналармен сөйлесіп, бір шешімге келетін боламыз. Оған уақыт керек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде