{metadescription}
Астанада ауған әйелдерінің тағдыры сөз болды
Астанада ауған әйелдерінің тағдыры сөз болды

Астанада ауған әйелдерінің тағдыры сөз болды

Орталық Азия мен Ауғанстанның белсенді әйел азаматтары бірлесе жұмыс істеуі керек. «Ауғанстан әйелдерінің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту» аймақтық конференциясында Қазақстан осындай ұсыныспен шықты. Қоғам езгісіне түскен ауған әйелдерінің бүгінгі ахуалын халықаралық сарапшылар бүгін Астанада талқылады. Жиын Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен өтіп отыр.

Тумысынан көргені соғыс. Ал бойжеткенде көшеде еркін жүре алмайды. Ол үшін өлімші етіп сабап тастауға бар. Ауған әйелдерінің қиын жағдайы Орталық Азияның ең өзекті мәселелеріне айналған. Қазақстан бұған бей-жай қарай алмай, бастама көтеріп отыр.

Гүлшара Әбдіхалықова, Мемлекеттік хатшы:

-Ауған әйелдерінің қоғамдық белсенділігін арттыру үшін кәсіпкерлікке тарту керек. Бұл шараға халықаралық бизнес өкілдерінің қатысуы маңызды. Сонымен бірге, Орталық Азия мен Ауғанстандағы белсенді әйел азаматтар тобын құру мәселесін қарастыруды ұсынамын.

Тәліптер билігі заманында әбден теперіш көрген қоғамның әлсіз тобы осы күні жаңа келбетін қалыптастыра бастаған. Бүгінде 4 әйел министр болып отыр. Тағы 14-і түрлі министрліктерде жұмыс істейді. Жоғарғы оқу орындарында оқып жатқандардың 55 пайызы қыздар. Алайда, қиындық әлі де көп.

Ділбар Назари, Ауғанстанның әйелдер ісі жөніндегі министрі:

-Әйелдердің экономика саласында, әсіресе кәсіпкерлік бағытында жұмыс істеуі енді ғана қарастырылып жатыр. Бірақ, олардың компьютермен, заманауи техникамен жабдықталуы қиын болып тұр. Медицина саласында әйел мамандар жетіспейді. Әсіресе, әйел хирургтар тапшы.

Біздің ел Ауғанстанмен сауда, автокөлік жолы және теміржол құрылысы,  пайдалы қазбалар салаларында әріптестік орнатып келеді. Одан бөлек, мың ауған студентін тегін оқыту үшін Президент бастамасымен 50 миллион доллар бөлінген. 

-Жиын қорытындысында Астана декларациясы қабылданып, ауған әйелдеріне көмек жөніндегі Орталық Азия кеңсесін ашу ұсынылды. Ресми құжат барлық мүдделі тараптарды әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға үлес қосуға шақырады. Сонымен бірге, олардың жастайынан білім алу мүмкіндігін арттырып, елдің саяси өміріне араласуына, кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасауға үндейді. Ал жаңа кеңсенің әзірге қай елде орналасатыны енді шешіледі

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде