{metadescription}
Сүлейменов статистикаға сенбегендерге базарға баруға кеңес берді
Сүлейменов статистикаға сенбегендерге базарға баруға кеңес берді

Сүлейменов статистикаға сенбегендерге базарға баруға кеңес берді

Сенімсіз статистика! Мәжілісмендер Ұлттық  экономика министрлігінің азық-түлік құнына  қатысты есеп-қисабына күмән келтіріп отыр.  Депутаттардың айтуынша, Үкіметтің  статистикасы  нарықтағы  бағамен мүлдем  сәйкес келмейді. Жұрт шенеуніктер жариялаған бағаға  тауар сатып  ала алмайды.  Әдетте, азық-түліктің құны әлдеқайда қымбат болып шығады екен.

Жаз бойы  демалып, күзде  қайта қауышқан депутаттар қол алысып, қауқылдасып  болған соң, Ұлттық экономика министрін ортаға алды. Өйткені жуырда азық-түлік, түрлі тариф құны қымбаттайды деген болжам бар. Ал Үкімет қазірдің өзінде жұртты жалған статистикамен алдап отыр дейді мәжілістегілер.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

- Қарапайым азамат сіздер жариялаған бағаны естіп, дүкен, дәріханаға барады. Шындығында жағдай мүлдем басқа болып шығады. Өйткені сіздер көрсеткен баға мен нарықтағы бағаның айырмашылығы үлкен. Міне, осы жерден мемлекеттік мәліметтерге күмән туады. 

Сүлейменов бұл сауалдан еш саспады. Бас экономист: «арзан азық-түлік іздегендер  ерінбей базарға барсын»  деді. Ал қала ішіндегі супермаркеттер мен көпқабатты үйлердегі дүкендер артық ақшасы бар адамдарға  арналған. Сондықтан министрдің өзі де сенбі сайын базардан шықпайды екен.

Тимур Сүлейменов, Ұлттық экономика министрі:

-Өзім базарға барамын. Аптасына бір рет базардан ет, көкөніс, жеміс-жидек сатып алған ыңғайлы. Дүкендерге кірмеймін. Қала ішіндегі супермаркеттерде  тауар құны 30-40 пайызға қымбат. Сондықтан көлік немесе автобусқа отырыңыз да,  базарға барыңыз.

Жалпы, азық-түлік құнына қатысты мемлекеттік статистикада базар, ірі сауда орталықтары мен қала ішіндегі дүкен сөрелерінде тұрған мыңдаған тауардың бағасы есепке алынады дейді министр. Депутаттар мұндай әдіс пен есеп-қисапқа келіспеді. Олар бұдан былай жұрт жиі тұтынатын тауарды бөлек санауды талап етті. 

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-Олар ең өзекті, ең қажетті тауарларды бөлек көрсетпейді. Статистиканың есебі бойынша, 6-5 пайыз көрсетсе, нақты адам базарға барғанда  дәл сол тауарлар  5-6 пайыз емес, 20-30 пайызға дейін қымбаттап кетуі мүмкін.

Ал жылдар бойы онсыз да жалған статистикаға алданып отырған жұртты тағы бір сынақ күтіп тұр. Тұтынушылар кезекті қымбатшылыққа төтеп беруі тиіс. Кеше  Ұлттық банк төрағасы Ресейге салынған санкциялардың салқыны біздің экономикаға да кері әсер ететінін ашып айтты.

-Оның үстіне теңге де тұрақтамай тұр. Бүгін ақша айырБастау орталықтарында доллар 373 теңгеден асып кетті. Бірақ өте сабырлы   шенеуніктер ұлттық валютамыз  күн санап  құлдыраса да, бұдан  еш қауіп көрмейді.  Мәселен, Инвестиция және даму министрі  теңге қанша жерден құнсызданғанымен әуе, темір жол билеттерінің бағасы қымбаттамайды деп сендірді.

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.