{metadescription}
Алматыда тиіннен бөлек тағы бірнеше жануардың мүсіні орнатылмақ
Алматыда тиіннен бөлек тағы бірнеше жануардың мүсіні орнатылмақ

Алматыда тиіннен бөлек тағы бірнеше жануардың мүсіні орнатылмақ

 Алматыда 60  арт-нысан пайда болмақ. Көпшілік қызу талқылаған алып тиіннен бөлек қандай жануарлардың мүсіндерін орнату жоспарланған?

Алматы болашақта «хайуанаттар бағына» айналуы ғажап емес. Енді кеміргіштің қатарына құстар мен жорғалаушылардың мүсіндері қосылады.  Қала күніне орай өткізілетін фестивальдің іріктеуіне қазақстандық және шетелдік суретшілердің 500-ден астам жұмысы түскен. Комиссия мүшелері қаланың сәулетіне үндеседі деген 60 өнер туындысын таңдапты.

Ең қызығы, іріктеуден сүрінбей өткен италиялық суретшілердің ұлулардың мүсіндері алып шаһарға қандай қатысы барын түсіну қиын. Шетелдік мүсіншілер Абай және Достық даңғылдарының бойына бас-аяғы 18 жәндіктің пластмас мүсіндерін орнатады. Сондай-ақ, алдағы уақытта торғай, қолтырауын және суыр да пайда болмақ.

Бұл жақында Абай даңғылында орнатылған самокаттағы «Қызыл адамдар». 5-6 ағашты бір-біріне шегелеп тастап, өнер туындысы делінген осындай дүниелер Тимирязев көшесіндегі веложолақтардың жанына да қойылмақ.

Айнұр ВАЛИЕВА Мәдениет және мұрағаттар бөлімінің  жетекшісі:

-Мүсіндер мен  шағын архитекторлық пішіндер қаланың келбетін  одан әрі көркейте түсуге,тұрғындардың көңіл-күйін көтеруге  ықпал етеді. Шара көпшіліктің көңілінен шығуы тиіс. Сондай-ақ, біз Мәдени Пикник  өткізбекпіз.Барлық шара қала күніне орай атқарылып жатыр.

Сондай-ақ, бетоннан құйылған шәйнек, металл мен қағаздан жасалған түрлі пішінді жылқы және түйелер қала саябақтарына қойылады. Бір қуантарлығы  ұлттық дәстүрден сыр шертетін арт-нысандар да бар. Мәселен, бетон домбыра қаланың қақ ортасынан орын тебеді.

Ал аты шулы тиіннің мүсініне ресейліктер көз тігіп отыр. Миллиондаған бюджет қаржысына сабаннан тұрғызылған арт-нысанды оларға сатып пайдаға кенеліп қалармыз. Әлде мәрттік танытып , сыйға береміз бе ол жағы әзірге белгісіз.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде