{metadescription}
Қостанайлық шенеуніктер Қазақ хандығының 550 жылдығына қойылған ескерткіштің неліктен сүрілгенін түсіндірді
Қостанайлық шенеуніктер Қазақ хандығының 550 жылдығына қойылған ескерткіштің неліктен сүрілгенін түсіндірді

Қостанайлық шенеуніктер Қазақ хандығының 550 жылдығына қойылған ескерткіштің неліктен сүрілгенін түсіндірді

Найзалы батырды трактормен құлатқан әкімдік! Қостанай облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап тұрғызылған ескерткішті сүріп тастады. Жергілікті биліктегілердің айтуынша, бетоннан құйылған мүсін жел мен судан үгітіліп, әбден тозған. Әрі 3 жыл бұрын бастамашыл топтың қаржысына қойылған ескерткіштің заңды құжаты жоқ дейді шенеуніктер. Бірақ мүсіннің бұзылғанына наразы тұрғындар әкімдіктің әрекетін түсінбей дал. 

Бұл Қарабалық ауданына ат басын бұрған қонақтарды қасқайып қарсы алатын ескерткішті трактормен тартып құлатып жатқан сәт. Жиынтық образды бейнелейтін алып батыр лезде қоқысқа айналып үлгерген. Ал тұрғындар жергілікті әкімдіктің шешімімен күресінге тасталған ескерткіштің кімге кедергі келтіргенін білмейміз дейді.  

Ержігіт Оралбеков, студент:

-Қазір біз кешегі Қарабалық жеріндегі батыр құлаған орында тұрмыз. Бірақ кешегі уатсап бойынша келген видео барлығымыздың жүрегімізді ауыртты. Біз бұл оқиғаның барша мәнін алда білетін боламыз.

Қираған еңселі ескерткіштің саяси салмағы басым. Ол 2015 жылы дүркіретіп тойлаған Қазақ хандығының 550 жылдығына орай орнатылыпты. Тіпті, ашылу салтанатына сол кездегі аудан әкімі қатысып, жүрек тебірентерлік сөз сөйлеген. Әкімдіктің қазіргі ресми сайтында да көрікті жерлер тізіміне еніп, «Қарабалықта ондай ескерткіштер болған жоқ» деп жазылған. Алайда бетоннан құйылған мүсіннің әбден тозығы жетті деп ақталған жергілікті шенеуніктер оның орнына өзге сәулет композициясы тұрғызылатынын айтады.

Анаргүл Шәменова, Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары:

-Қарабалық батыр сәулет композициясын орналастыруды қарастырып отырмыз. Бұл нысан қоладан қойылады деп ойлаймыз. Қазіргі ескерткішті орнату туралы мәселесі  мәдениет және спорт министрлігінде қарастырылып жатыр.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, бұзылған ескерткішке 600 мың теңге жұмсалған. Бірақ ол мемлекет қазынасынан алынбапты. Барлығы  бастамашыл топтың қаржысына салынған. Алайда трактормен әрең қозғалтқан ескерткіштің ескіргеніне сенгісі келмеген тұрғындар жаңа нысанға әкімдіктің өзге жер таппағанын түсінбейміз дейді.

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде