{metadescription}
Талдықорғанда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үй қирай бастаған
Талдықорғанда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үй қирай бастаған

Талдықорғанда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үй қирай бастаған

Талдықорғанда жаңадан салынып, мемлекеттік бағдарлама бойынша халыққа берілген көпқабатты үйдің жағдайы сын көтермейді. 1 ай бұрын ғана қоныс тойын тойлаған бюджеттік сала қызметкерлері енді пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Өйткені, тұрғын үй құрылысының сапасыз екені былай тұрсын, жұрт су мен жарық, тіпті, жылуға да зар болып отыр.

Руфа Тоқпақова жаңа үйіне жүктерін орналастыра алмай, пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Зейнеткер тірнектеп ақша жинап, әрең дегенде қол жеткізген үйдің суы, жарығы мен газы жоқ деп налиды.

Руфа ТОҚПАҚОВА Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Тұрып жатқан пәтерге  50-55 мың төлеу керек.Білмейміз не істейтінімізді. Бала-шағаны қайда апарамыз?

Көптен бергі армандарына жетіп, мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болған мұғалім, дәрігері бар бюджет саласының қызметкерлерінің қуанышы ұзақа созылмады. Бармақ тістеп қалған жүзден астам отбасы жаңа тұрғын үйдің сапасы да сын көтермейді деп ашуға мінді.

Гүлнәр БЕРЛІНОВА Талдықорған қаласының тұрғыны: 

-Біріншіден бұл үй қалай болса солай салынған. Қабырғалары қақырап, сылақтары түсіп жатыр. Екіншіден, бізге кілтті табыстағанда, қалтамыздан ақша шығарып өзіміз жөндедік. Енді бұл үйге жауапты мердігер компанияны таппай жүрміз.Ұят қой, мынау.

Әкімдіктегілер бұл үйдің мәслесінен хабардар. Халық шағымынан мезі болған атқамінерлер кезекті уәдені үйіп-төкті. Олардың тек жарықты тартып беруге шапалары жетеді екен.

Данияр ЖАНЫС Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы:

-Қазіргі күні біздің мамандар ол жақта жұмыс істеп жатыр.Бір аппарат ұрланғандықтан, қазір соның жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аптаның соңына дейін жарықтарын қосып береміз. 

Құр уәдеге сенуден қалған қалың қараша пәтер иелері кооперативін құрып, өз құқықтарын қорғауға көшкен. Жұрт жақын уақытта нәтиже болмаса, жаппай сотқа шағым түсіреміз деп отыр.

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде