{metadescription}
Қарағанды облысында жедел жәрдем станциясының жабылуы үлкен дауға ұласты
Қарағанды облысында жедел жәрдем станциясының жабылуы үлкен дауға ұласты

Қарағанды облысында жедел жәрдем станциясының жабылуы үлкен дауға ұласты

Қарағанды облысындағы Қушоқы кентінің тұрғындары жедел жәрдем пункті жұмысын тоқтатқанына наразы. Олар наурыз айынан бері дертке дер кезінде дауа таппай титықтадық дейді. Өйткені, қазір лезде жететін реанимобиль ауылды араламайтын болған. Ал денсаулық сақтау саласындағы шенеуніктер болса, кенттегі жедел жәрдем қызметінің жабылуы заңға қайшы келмейді деп отыр.

Қушоқының қара құрым жұрты жетіскеннен жиналмаған мұнда.  Жан қиналғанда қарыс қадамы мұң болғандар дәрігер күтіп сарғаямыз дейді.    Жедел жәрдем жабылғалы, әсіресе түн мезгілінде кезкшіліктегі жалғыз дәгігер жаяулап уақытылы жетуі екіталай екен.

Орынтай Махимова Қушоқы кентінің тұрғыны:

-Қысыламыз инфарктіміз бар, екі операция өттік, жатамыз жанымызды құдайға тапсырып, таң атқанша аман болсақ екен деп. Осында көп адамдер өлді екі үш айдың ішінде.

Ауыр науқастарды аудан орталығына жеткізетін жедел жәрдем келуді  қойған дейді жұрт. Қиналғандарға жұрттың өзі қол ұшын береді.   

Мәлібек Молдабеков Қушоқы кентінің тұрғыны:  

-Қант диабеті, 34 екен. Мәшинем бар, түнде соған салып Ботақараға апардым. Содан палатаға жатызып келдім, мына не сұмдық?

Аудандық аурухана басшылығы болса, жағдайы мүшкіл науқастар ауылдан ауданға немесе қалаға тасымалдайтын арнайы көліктің барын айтады. Бірақ, жедел жәрдем пунктін ұстауға болмайды екен.

Сапар Қажыкәрімов Бұқар жырау аудандық ауруханасының бас дәрігері:

-Жедел жәрдем бригадасы халық саны 10 мыңнан асатын елді мекендерде ғана болуы керек. Ал Қушоқыда 4 мың 400 адам тұрады. Бұл менің шешімім емес, денсаулық сақтау минстрінің бұйрығы. Осыған дейін жедел жәрдем пунктін кен өндіруші Қазақмыс компаниясы ұстап келген. Ел де соған әбден үйреніп қалған.  

Жедел жәрдем пунктін реанимобильмен қамтып, қызметкерлеріне ақы төлегендер кен орнындағы жарақат алу көрсеткішінің төмендегенін алға тартып, бұдан былай пунктті қамтамасыз етуден бас тартқан.

-Мынау амбулаторияның есігі жедел жәрдем жұмыс істеп тұрғанда күні түні ашық болатын. Қазақмыстың балансынан кеткен соң бұл емхана кешкі сағат 8 ден кейін жабылады. Ал түнгі уақытта басы ауырып балтыры сыздаған ел тек кезекші дәрігерді мына нөмірлерге қоңырау шалу арқылы ғана шақырта алады.  

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде