{metadescription}
Өскеменде кішкентай балақай қуыршақтан уланып, ауруханадан бір-ақ шықты
Өскеменде кішкентай балақай қуыршақтан уланып, ауруханадан бір-ақ шықты

Өскеменде кішкентай балақай қуыршақтан уланып, ауруханадан бір-ақ шықты

Ойыншықты тексерген мамандар оның құрамынан мөлшерден 160 есе көп формальдегид пен фенол анықтады.

Қауіпті ойыншық елге ресейлік сертификаттармен әкелінген екен. Алайда, тексере келе оның Қытайда жасалғаны анықталды. Қыз балалар соңғы кездері қолынан тастамай ойнайтын ЛОЛ қуыршағының өзінен ғана емес, сыртындағы қағаз қорабына дейін улы химикат табылды. Мөлшерден тыс улы химикат бүлдіршіннің терісі арқылы қанына сіңген. Бұл жағдайдан соң мамандар дереу ойыншықтарды дүкен сөрелерінен алдыра бастады. Яғни, сырттан келген балалар тауарының сапасы жіті қадағаланбаған боп шықты. Ол тұрмақ, ойыншықтар жалған сертификаттармен сатылған. ЛОЛ қуыршақтарын сатқан дүкен иелеріне  жаппай 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Десе де, қоғамдық денсаулықты қорғау мамандары импорттық тауардың өндірушілерін де жауапқа тартуға шақырды. Айта кетйік, ЛОЛ ойыншықтары 3 жастан асқан қыз балаларға арналған. Әрі топтамасымен сатылады. Ал әр сериясында жүз түрлі қуыршақ бар.

Алена Кравченко,  Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бөлім жетекшісі:

-ЛОЛ қуыршағының әрбір бөлшегін тексердік. Шарын, сыртындағы қорабын, ойыншық сөмкесін. Қуыршақтың өзінде фенолдың 60 есе көп мөлшері табылды. Ал шарында 160 есе көп қауіпті зат табылды. Тауардың бір партиясы саудадан алынды. Әрі қарай да шара қолданатын боламыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.