{metadescription}
Назарбаев еңбек жолы басталған Теміртауға барды
Назарбаев еңбек жолы басталған Теміртауға барды

Назарбаев еңбек жолы басталған Теміртауға барды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапарының екінші күні өндіріс орындарын аралаумен жалғасты. Облыс активімен кездесу кезінде президент өңірдегі өзекті боп тұрған экология, ауыз су, жылу мәселелерін шешу керектігіне де тоқталды. Әсіресе, Темірта уға мардымды жылу бере алмай жүрген «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшыларын сынға алды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мен осы жылу электр станциясын 1960 жылы салдым. Комбинатты  қаланы жылумен қамтамасыз етеді. Егер станция тоқтап ақлса тұтас қала жылусыз қалады. Сондықтан Миталл мырзаға сәлем айта барыңыздар. Біздің Үкімет ол кісімен хабарласып бұл сұраққа жауап беруін талап ететін болады. Станцияның жұмысын модернизациялау қажет.

Елбасы Теміртаудың металлургиялық комбинатындағы өзі айтқан №2 жылу-энергетикалық орталығына арнайы келді. Жұмысшылармен жүздесіп, жылдар бойы жоспардан қалып келе жатқан модернизациялауды тездету керектігін компания басшылығына қадап айтты. Кейін Теміртаудың ескі ауданында кәсіпкерлердің қаражатына қайта жөнделген саябақты аралады. Ондағы жастармен де жүздесті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде