{metadescription}
Ұлттық банк доллармен ипотека алғандарға жеңілдік жасады
Ұлттық банк доллармен ипотека алғандарға жеңілдік жасады

Ұлттық банк доллармен ипотека алғандарға жеңілдік жасады

Ұлттық банк теңгенің қазіргі ахуалын ескеріп, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға көшті. Жаңа бағдарлама бойынша енді АҚШ долларымен ипотекаға баспана алған азаматтар несиені 2015 жылғы 18 тамыздағы теңге бағамы бойынша төлейді.

Мәселен, борышкер доллармен алған несиелері 188 теңге 35 тиын деген бағаммен қайта қаржыландырылады. Қарыздар төл ақшамен қайтарылады. Демек валюта бағамының құбылуы борышкердің төлем қабілетіне еш әсер етпейді. Бұл жеңілдік 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін шетел валютасымен ипотекаға баспана алған жеке тұлғаларға қатысты. Бағдарламаға енгізілген толықтырулар қарызын өтей алмай жүрген 21 мыңнан аса азаматқа жақсы мүмкіндік. Осы орайда, Ұлттық банктен 150 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Жаңартылған бағдарламаға сәйкес әр азамат өзінің несие алған банкіне барып, өтініш жазса жеткілікті.

Мениса Хуснутдинова, ҚР ҰБ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бөлімінің басшысы:

-Ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруға екінші деңгейлі 16 банк және 1 ипотекалық мекеме қатысады. 1 қыркүйектен бері 22,2 млрд теңге сомасына 2 504 өтініш мақұлданды. Бағдарлама ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады. Доллар шарықтап кеткеннен кейін халық екі есе ақша төлемес үшін осындай шешімге келдік.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде