{metadescription}
БҚО-да   бастығын атып өлтірген сержант қысымға шыдамаған болуы мүмкін
БҚО-да   бастығын атып өлтірген сержант қысымға шыдамаған болуы мүмкін

БҚО-да бастығын атып өлтірген сержант қысымға шыдамаған болуы мүмкін

Өз бастығын атып өлтірді. Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданында мамандандырылған күзет батальонының сержанты взвод командирі Рүстем Рақышевты оққа ұшырды. Оқиға орнына жедел жәрдем тез жеткенмен, ауыр жарақаттан командир тілге келмей  жан тапсырды.  Табельдік қарудан жеті рет оқ отқан инспектор қазір қамауда. Күдікті Серік Ғалиевтің жақындары оның бұл қылмысқа баруына ақша бопсалау түрткі болған деген пікірді алға тартады.

Оқыстан атылған оқ дауысы кешкі бестер шамасында мүлгіген тыныштықты кенеттен бұзды. Ауыл тұрғындары апыл-ғұпыл атыс естілген Ішкі істер бөліміне жеткенде аумақ оқшауланып үлгерген еді. Сержант пен командирдің арасында қандай кикілжің болғанын кім білсін, бір анығы - күзет батальонының инспекторы табельдік қарудан жеті рет атқан.

Командир Рүстем Рақышевтың оққа қалқан болар қауқары болмады. Жедел жәрдем 5 минутқа жетпей келгенімен, ақ халаттылар ажал тырнағынан арашалап қала алмады. 32 жастағы азаматтың артында аңырап жары мен екі баласы қалды.

Сағди Ғатау, Р.Рақышевтің інісі:

-Болған нәрсе болды. Бәрі алда ғой енді. Ең бастысы балалары аман болса болы.

Ал қолын қанға бояған 24 жастағы сержант Серік Ғалиевтің жақындары оның бұл жауыздыққа баруын ақша бопсалаумен байланыстырады. Олардың айтуынша, сержантқа қатты қысым жасалған.

- Оған үнемі қысым көрсетілген. Оның адамды жайдан-жай атып тастауы мүмкін емес.

Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1 тармағы бойынша іс қозғалды. Тіптен, мәселенің ақ-қарасын айыру үшін Астанадан арнайы комиссия құрылып осында жеткен.

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

-Бұл комиссия ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті және әкімшілік полиция комитеті қызметкерлерінен құрылған. Қазіргі уақытта күдікті кінәсін мойындады. Алдын ала жинақталған мәліметтерге қарағанда қылмыс жеке келіспеушіліктер салдарынан орын алған. Бұл қылмыстық іс ІІМ бақылауында.

Қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі дейтін қызметкерлердің қан қырғынға баруы көпшілік сеніміне селкеу түсіргендей. Шағын аудан үлкен ауқым алған оқиғаның әсерінен әлі айықпады. Командирге оқ жаудыруға сержантты не итермелегені комиссия тексерісінің қорытындысы бойынша белгілі болады.

Кеше

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде