{metadescription}
Ақмола облысында тұрғындар аурухананың жабылуына қарсы шықты
Ақмола облысында тұрғындар аурухананың жабылуына қарсы шықты

Ақмола облысында тұрғындар аурухананың жабылуына қарсы шықты

Ақмола облысындағы Красный Яр кентінің тұрғындары аурухана мен емхананың жабылуына наразы! 20 орындық стационар мен емханаға бұл кенттің 14 мың тұрғынынан бөлек, маңайдағы 6 ауылдан келіп қаралады екен. Ал 8 шақырым жердегі Көкшетауға баруға сырқаты бар адамдардың мүмкіндігі жоқ. Ақ халаттылар болса, даурығуға негіз жоқ деп отыр.

Красный яр ауруханасы мен емханасы кеңес дәуірінен бері үзіліссіз жұмыс істеп келеді. Әбден қалыптасқан медицина мекемесі өткен жылы жабылады дегенді естігенде де жұрт шу ете түскен. Енді дәрігерлер жұмыстан қысқартылып жатырмыз дегенге  тағы дүрлікті. Кенттің әкімі мен медициналық орталықтың бас дәрігерінен аурухананы алып қалуды талап етті. Себебі, 14 мың тұрғын мен айналасындағы ауылдарға қарайтын жалғз мекеме. Ал Көкшетауға барудың реті тағы келмейді.

Роза Акмагамбетова, Красный яр кентінің тұрғыны:

- Міне,тағы бізден маза кетті. Дәрігерлер өздері шығып айтуға қорқады. Мүлдем жұмыссыз қалады ғой. 1–ші қазаннан аурухана жабылады деп ескерту қағаз таратыпты. Қалада өз тұрғындары да жетеді. Талай барып, босқа сандалып қайтып келгенбіз.

-Міне, мынадай ескерту қағазы тамыздың 29-ы күні мұндағы дәрігерлерге таратылған. Онда жұмыстан қысқартылатыны жайлы жазылыпты. Бірақ басшылар жағдайды  ашып айтуға қорқып отыр дейді жұрт. Сондықтан пациенттеріне мамансыз қалатындарын дәрігерлердің  өздері ескертіпті.

Наразы жұрт Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті билікке хат жолдап, мекемені жапқызбауға әрекеттеніп жүр. Бір қызығы, дәрігерлеріне ескерту қағазын таратып қойса да, орталықтың бас дәрігері бұның барлығы жалған ақпарат деп отыр.

Балқия Уәйісова,Красный яр кенті Алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсету орталығының бас дәрігері:

-Жұмыс істеп жатқан барлық дәрігерлер, мейірбикелер орнында. Стационар да жұмыс істеп тұр. Ешқандай аурухана жабылмайды. Ешкімді қысқартамыз деп анықтама берген жоқпыз. Халық біреуден бірдеңе естіп алып, босқа шулап жүр.

Мекеме ғимаратында қазір күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бюджеттен 120 миллион теңге бөлініпті. Соған қарамастан, онсыз да жетпей жатқан дәрігерлердің қысқартылатынын естігеннен бері тұрғындардың көңілі күпті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.