{metadescription}
Атырау тұрғынын өзінің әйелі балдызы өлтірген болуы мүмкін
Атырау тұрғынын өзінің әйелі балдызы өлтірген болуы мүмкін

Атырау тұрғынын өзінің әйелі балдызы өлтірген болуы мүмкін

Атырауда осыдан 6 жыл бұрын азаптап өлтірілген азаматтың ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Александр Шамшодиновтың өліміне оның 20 жыл отасқан жұбайы мен балдызы  басты күдікті деп танылып отыр. Бірақ күдіктілердің қатары әлі де көбеюі мүмкін. Өйткені, балдызы Павел Шигаевтің сөзіне қарағанда, Александрды өлтіруге оның 31 және 24 жастағы қос қызы да көмектескен көрінеді. Дегенмен, бұл екеуі әзірге бостандықта жүр.

Ағасы жоғалғалы бері отбасымен жеңгесінің жанына жалау болып жүрген Виктория Шамшодинова, оның мүрдесі таяқ тастам жердегі тауық қорада жатады деген ой үш ұйықтасам да түсіме де кірмеді дейді. Өйткені, жеңгесі айналадағы ағайын-туманы «ағаларың ислам дінін қабылдап, бізбен байланысын шорт үзді» деп сендіріпті. Тіпті үнемі мол қаражат жіберіп тұрғанын айтып, өзгелерді иландырғаны соншалық, Александрды ешкім іздемеген де.

Виктория Шамшодинова, марқұмның қарындасы:

-Қылмысқа не себеп болғанын жеңгеміз айтпады. Бірақ әжеміздің пәтері бар болатын. Сондағы үлесін менің анам үлкен қызының атына аударды. Содан кейін жиі айқай шығатын болды. Тіпті қызы ағамызды пышақпен де жарақаттады. Бірақ ол өз баласының үстінен полицияға арызданбаған еді.

Викторияның айтуынша, ағасын өлтіруге өзінің екі қызы да  атсалысқан. Олардың бірі әкелерін әуелі дәрі беріп ұйықтатып, артынша иық тұсына екпе де салыпты. Александр ұйықтап кеткен соң, оны барлығы көпшікпен тұншықтырған. Душ саламыз деген желеумен жұмысшыларға жер қазғызып, денені түн ортасында сонда апарып бетондап тастапты. Кейін ойларынан айнып, мүрденің үстінен душ емес, тауық қора тұрғызған.

-Дәл осы жерде 6 жыл бұрын болған қанды қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған екеу қазір тергеу абақтысында. Ал қылмыстың аяқасты ашылуына олардың бірінің екіншісінен ақша бопсалауы себеп болыпты.

Яғни күдіктінің бірі Павел Шигаев «ақша бермесең, айтып қоямын деп» әпкесін қорқытқан. Ал ол Шигаевтің үстінен полицияға арыз түсіріпті. Тәртіп сақшыларының қолына түскен 23 жастағы жігіт қылмыстың қалай болғанын тәптіштеп айтып берген соң, марқұмның әйелі Юлия Шамшодинованың қолына да кісен салынды.

Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі

-Адамды өлтіру дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 99 бабының 2-ші бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бейресми ақпаратқа қарағанда, марқұмның қос қызы әуелгіде аналарымен бірге қамауға алынғанымен, кейін олар бостандыққа жіберілген. Алдағы уақытта олар қылмыстық іске куәгер ретінде тартылуы мүмкін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.