{metadescription}
Алматыда тұрғындар стоматологиялық емхананың сатылуына қарсылық білдірді
Алматыда тұрғындар стоматологиялық емхананың сатылуына қарсылық білдірді

Алматыда тұрғындар стоматологиялық емхананың сатылуына қарсылық білдірді

Тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетпесін! Алматыдағы жалғыз мемлекеттік балалар стоматологиялық емханасы жеке қолға өткелі жатыр. Келесі аптада аукционға қойылады. Ал мекемедегі 200-ге жуық қызметкер жұмыссыз қаламыз ба деп алаңдаулы. Тегін емдейтін орталық жабылса, ата-аналар балаларын  ақылы стоматалогиялық емханаларға апаруға мәжбүр. Ал, атқамінерлер стоматология жеке қолға өтсе де дүрлігетін себеп жоқ дейді.

Алып Алматыдағы бүлдіршіндердің тісін тегін емдейтін жалғыз орталық кенеттен түскен «құрттан» қалай құтыларын білмей дал. Ғимарат сатылады дегелі дәрігерлердің дегбірі қашқан.

Әшірбибі Миралиева, тіс дәрігері:

- Қазақтардың енді ақшасы аз. Балалары туылып жатыр, өсіп жатыр. Оның бәрін емдету керек, қарату керек. Ертең ол жабылып, сатылып кетсе, балалар қайда барады?

Осындағы екі жүзге тарта ақ халатты күніне шамамен 500-дей баланың тісін емдейді. Мемлекеттік емханада қызмет көрсету тегін. Мегаполисте 400 мыңдай бала барын ескерсек, бір орталықтың өзі аздық етеді. Бірақ ол  жабылса ата-аналардың баласын ақылы емханаға апарудан басқа амалы қалмайды.

Динара Қарабалаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Жекеге барсақ әрине қымбат. Бір тістің өзі 10 мыңнан жоғары болады. Сондықтан бұл мемлекеттік нені жапқан дұрыс емес.

Шолпан Шымбекова, Алматы қаласының тұрғыны

-Мұнда тек стоматологтар емес, стоматолог хирург бар. Стоматолог ортапед бар. Стоматолог терапевт бар. Мұндай әр емханада жоқ. Бұны жапса балаларымызбен қайда барамыз?

-О баста Алматыда балалардың тісін тегін емдейтін екі мемлекеттік емхана болатын. Оның бірі осыдан 18 жыл бұрын көзден бұлбұл ұшты. 4424  Екі мыңыншы жылы жеке қолға өтіп, супермаркет болып түрленді. Енді шаһарда қалған жалғыз мемлекеттік стоматалогиялық орталық аукционға қойып сатылатын болса, соның кебін қайтадан киюі мүмкін.

Мемлекеттік реестр сайтында балалар стоматологиялық емханасы аукционға түсетін ғимараттар санатында тұр. Өтініш беру 18-ші қыркүйекке дейін қабылданады. Осылайша келесі сейсенбі таңғы 10-нан онлайн саудаласу басталады. Бастапқы құны 525 млн теңге деп көрсетілген. Мекемені аукционға қойған қаржы басқармасы дүрлігуге еш себеп жоқ. Жеке қолға өтсе де тіс емхана қызметін тегін жалғастырады деп сендіріп отыр.

Айнұр Құдайбергенова,  Қаржы басқармасының жетекшісі:

-Құжаттардың бәрін жіті тексереміз. Емхана қазіргідей жұмысын жалғастыруын қадағалауда ұстаймыз. Ал, балаларға бұрынғыдай тегін қызмет көрсетіледі. Қазынадан ол үшін арнайы ақша бөлінеді.

Ақ халаттыларға бірақ бұл сөздер жұбату болмай тұр.  Арыз-талап тілектерін  жазып, талай табалдырықты тоздырғанымен әзірге араша түсер ешкім табылмады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде