{metadescription}
Сағынтаев  министр мен әкімдерді шырылдауық шегірткеге теңеді
Сағынтаев  министр мен әкімдерді шырылдауық шегірткеге теңеді

Сағынтаев министр мен әкімдерді шырылдауық шегірткеге теңеді

Cол жағалауда осылай кадрлар ауысып жатқанда Бақытжан Сағынтаев қарамағындағыларына ерекше  қаһарын төкті. Үкімет басшысының ашулануына бюджеттің 91 миллиард теңгесінің  уақтылы игерілмеуі себеп. Премьер-министр облыс әкімдері мен министрлерді жаз бойы әндеткен шырылдауық шегірткеге теңеп,  біраз сілкіп алды.

Астанада ауыс-түйіс басталғалы Үкімет отырысының көркі де қыза түскендей. Алдымен Бақытжан Сағынтаев 8 айда экономикада өсім болды деп мақтанған министр Тимур Сүлейменовті сыбап тастады. 

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

-Өндірісті қарайтын болсаңыз, республикада 11 өңір төмен тұр. Қай жақтағы жақсы көрсеткіш? Әрі қарай қараңыз. Құрылысты қараңыз. Қалай сіз оны жақсы деп айтасыз? Талап қою керек бірінші кезде өзіңізге. Сосын ақыл айтасыз басқаларға.

Одан кейін мінберге Бақыт Сұлтанов шықты. Қаржы министрі ретінде соңғы рет есеп берген ол қазына қаржысының  91 млрд теңгесі игерілмей жатқанын айтты. Оның 80 млрд-тан астамы іске аспай шоттарда бос  жатыр.

-Қолда бар ақшаны ұқсата алмағандардың көшін Қорғаныс министрлігі бастап тұр. Оныкі 15 жарым млрд. Мәдениет және спорт министрлігі мен Ауыл шаруашылығында 11 млрд-тай. Ал Ішкі істердікі 10 млрд-қа жуық. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 6 млрд-тай теңгені игермеген.

Ал аты аталған ведомстволардың басшылары  қыруар қаржыны жақын аралықта жұмсаймыз деп құтылды. Ал таяқтың ұшы тиген  Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымов  мән-жайды түсіндірмек болғаны сол еді, басы бәлеге қалды.

- 4,5 млрд қыркүйекке  дейін орындаймыз.

– Қыркүйектің  ішінде отырмыз ғой!

-Қалай қыркүйекке  дейін?! Бүгін 11- қыркүйек. Кішкене өтірік айтқанда да дұрыстап айту керек қой өтірікті.

Осындай немқұрайлылық кесірінен елде мектеп, балабақша мен ауруханалар салынбай жатыр. Әсіресе Алматы, Қызылорда және Ақмола облыстары да ақшаны ұқсата алмаудан алдына жан салмай тұр. Осы жерде Сағынтаев қарамағындағыларын шырылдауық шегірткеге теңеді.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

-Белгілі ертегідегідей жаздай ән салып, шырылдаған шегірткедей, күз түскенде дірілдеп, жұмысымыз жүрмей қалып жүрмесін. Асқар Ұзақбайұлы айтқандай негізгі мәселе тамыз айында жұмыстың жүрмеуінде. Демалыс  болды басқа болды.

- Ал ақшаны сауатты жұмсай алмауын  министрлер мен әкімдер тендердің кеш өтуімен түсіндіріп бақты. Енді жақын арада бұл мәселені дереу шешпек. Бұған аса сеніңкірей қоймаған премьер-министр уәделерің орындалмайтын болса, қыруар қаржыны қайтарып аламыз деп күшке мінді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде