{metadescription}
«Баспана хит»: Кезекті бағдарлама несімен тиімді?
«Баспана хит»: Кезекті бағдарлама несімен тиімді?

«Баспана хит»: Кезекті бағдарлама несімен тиімді?

Нарықтағы кез-келген баспананы  ипотекалық несиемен сатып алатын жаңа мемлекеттік бағдарлама іске қосылды. «Баспана хит» тұрғын үй бағдарламасына қазірден-ақ құжат тапсыра берсе болады.

Ескі үйлерді мемлекеттік бағдарламаға қосу жөнінде өтініштер көп түсіп, соны қарастыратын осындай жаңа бағдарлама жасалған. Оның «7-20-25-тен» көп айырмашылығы жоқ. Берілетін несие көлемі Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларында 25 млн. теңгеге дейін. Басқа өңірлерде 15 млн. теңгеден аспауы керек. Ережесі қарапайым, қай жерде тіркелгеніңіз маңызды емес. Тек алдымен баспана құнының 20 пайызын төлейсіз. Қалған бөлігін 10,75 жылдық үстеме пайызбен несиеге аласыз да оны 15 жыл бойы төлеп шығасыз.

Мысал үшін: Астанадан 12 миллион теңгеге баспана алсаңыз, оның бастапқы жарнасы 2 миллион 400 мың теңге. Қалған 9,6 млн теңгесіне пайыздық үстеме ретінде шамамен 9,8 млн теңге қосылады да оны алдағы 15 жыл бойы айына 107 611 теңгеден төлеп шығасыз. Ал пайыздық үстеме төлеп біткенше өзгеріссіз қалады.

Қайрат Алтынбеков, «Баспана» ипотекалық ұйымының төрағасы:

-Біздің несие пайызымыз тікелей базалық пайызға байланысты. Оның өзгерісі тек қана жаңадан беріліп жатқан несиелерге байланады. Мысал ретінде сіз бүгін сол бағдарлама бойынша 10,75 пайызбен несие алатын болсаңыз, ол сіздің несиеңіз біткенге дейін өзгермейді.

Ал «7-20-25» бойынша Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында несие беру тұралап жатыр. Өйткені сатылатын жаңа үй жоқ. Бүкіл ел аумағында шілденің басында 3 мың пәтер осы бағдарламаға лайық деп табылса, соның қазір жартысы қалған.

Олар бюджеттік қызметкерге жататын жас отбасыларға арнап жасалған.Екі бағдарлама: «Жас арман» және «Қамқор баспана» деп аталады. Ереже бойынша, баспана құнының бастапқы 20 пайызын төлейтін болса, соның жартысы, яғни он пайызын жергілікті әкімдік береді. Бұл бағдарламалар әзірге Шымкент қаласында пилоттық жоба ретінде енгізілген.

Соның арқасында алдағы 2 жылдың ішінде 2 мың жас отбасына баспаналы болу бақыты бұйырайын деп тұр. Егер бұл жобалар ойдағыдай іске асып жатса, кейін бүкіл ел бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр екен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.