{metadescription}
 Алматыда жастарды есірткі саудасына шырмайтын сайт анықталды
 Алматыда жастарды есірткі саудасына шырмайтын сайт анықталды

Алматыда жастарды есірткі саудасына шырмайтын сайт анықталды

Қаладағы ғимараттардың қабырғасына трафаретпен  жазылған сілтемелер қаптап кеткен. Соған тіркеліп, жеңіл табысты қуған жастардың алды 16 жылдан астам мерзімге сотталып та кеткен. Ал полиция мұндай жазулардың көзін құртуға құлықсыз дейді белсенді топ.  

Бір қарағанда «жылдамдық» деген жазуды көргенде , интернеттің жылдамдығын меңзеп тұр ма деген ой келеді. Бірақ сайтқа кіріп, қай өңір тұрғыны екеніңді белгілесең, 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін табыс табудың оңай жолын көрсетеміз деген ақпарат шыға қалады. Ол үшін осы сілтемелерді басқа жерлерге жазуың керек немесе берген ұнтақты айтқан жеріне барып жасыруың керек. Спайс, әлде нашаның ауыр түрін клиент сол жерден тауып алып кетеді. Заңсыз сауданың қызып жатқанын ғаламтор парақшасындағы жазбалардан байқауға болады. Барлығы тыққандарыңды таптық, сапасы да жоғары екен деп алғысын жаудыра жазыпты. Бұны жасөспірімдер ойын деп қалады, енді бірі жеңіл ақшаға құнығып есірткі бизнесіне өз еркімен кіріп кетеді.

Константин Гудаускас, «Қамауға алынғандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша коалиция»  Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

-Жастарды жұмысқа көбіне әлеуметтік желі арқылы шақырады. Жазғы демалысқа шығар алдында оларға хабарламалар жібере бастайды. Граффитимен осы сайтқа жарнама жасап көшелерге хабарландырулар жасайсыңдар, немесе түрлі есірткі түрлерін сатып қомақты қаржы табасыңдар дейді. Ал ақша тапқысы келетін жастар бұл өтірікке сеніп, есірткі саудасымен қалай айналысып кететіндерін байқамайды. Осы орайда ұл қыз тәрбиелеп отырған ата-аналарға балаларының телефонын қадағалауды сұраймын.

Коалиция мүшелері бұл сайтқа тіркелген жастар мен жетекшілерін іздеуге екі жыл бұрын кірісіпті. Алайда мұнда тіркелген 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспімдердің көбі есірткі саудасымен айналысқан деген жазамен түрмеге қамалған.  Бақытжан Батырхановтың да ұлы осылардың шырмауына түсіп ,  16 жылға бас бостандығынан айрылған.

Бақытжан Батырханов:

-Менің ұлыма алғашында пәтер жалдап жалғыз тұр деп өтінген. Кейіннен онда наша сынды түрлі есірткі түрлерін тастап кеткен. Ал есірткі жеткізумен айналысатындар түрлерін көрсетпей балам оларды көрмеген. Кейіннен арнайы жасақ  мүшелері келіп оның бірден қолын қайырып апарып қамап тастады. Тәртіп сақшыларын бұл сауданың артында кім тұр,  сайтты кім басқарып отқандығы қызықтырмады. Тек менің ұлым ғана жазаланды.

Тамырын тереңге жайған сайтқа алматылық еріктілер тосқауыл қоюды мақсат етіп отыр. Заңсыз жұмыс істеп тұрған ғаламтор-дүкендерді тауып, полицияға қанша арыз жазсақ та ешқандай нәтиже жоқ. Керісінше жылдан-жылға сайттарға жарнама артып, әлеуметтік желіде хабаралама түрлері көбейгенін айтады. Еріктілер енді көшелердегі сайт жарнамаларын өшіртіп, осы істің соңына түсеміз деп отыр. Ал мұндағы полицейлер қимылдамаса, Ішкі Істер Министріне шағымданбақшы.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде