{metadescription}
Қарағандыда тестілеуден 97 балл алған түлек грантқа іліге алмады
Қарағандыда тестілеуден 97 балл алған түлек грантқа іліге алмады

Қарағандыда тестілеуден 97 балл алған түлек грантқа іліге алмады

Қарағандыда мектеп түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуден 97 балл жинаса да, таңдаған мамандығына грант ала алмай қалған.  Ал өзінен төмен балл алған 10 бала мемлекеттік грант иелері болып шыға келіпті. Білім министрлігіндегілер комиссия шешімі солай дегеннен әрі аспады. Төмен балл жинаған түлектерге грантты қандай заңға сүйене отырып бергендерін де сол бойы түсіндіре алған жоқ. 

Назым Рымқанова Ұлттық бірыңғай тестілеудің алдында осы төрт қабырғаға қамалып отырған. Кітапқа көз майын тамызып, білімін шыңдай түскен сайын ертеңге деген сенімі артып еді.

Назым Рымқанова:

-Менен төмен балл алғандар түсіпті мен тапсырған мамандыққа. Соны көрген кезде қатты мұңайып, өкініші болды ше, жаныма қатты батты. өзімнің болашағымды ойласам, түспей қалсам енді ата-анамның да жағдайы жоқ мені ақылы оқытуға. 

Назымда ауылдық квота да бар, тізімдегі 15 баланың онынан балы жоғары. Ал, ақитатын айтады деген Астанадағы жоғарғы білім беру департаменті телефоннан қысқа қайырған.

Гүлмарал Рымқанова Назымның анасы:   

-Телефонмен Әділет Жүнісұлымен сөйлестім. Ол кісі айтты 15 бала іліккен тұлдыр жетім деді. Ешкімі жоқ жеңілдікпен өткен балалар деді.

Алайда Назым төмен балмен грант алған 3 баланың толық жанұядан екенін анық біледі. Шұғыл тексеріс жүргізген минстрліктегілер де грантты жетімдерге бердік дегендерінен айнып шықты. Енді, грант бөлуді мемлекеттік комиссия шешкенін алға тартып отыр.    

Қарлығаш Исмағұлова ҚР БЖҒ министрілігінің мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру басқармасының басшысы:  

  - 97 балл алады, бірақ комиссия 81 балл алған оқушыға грант береді, оны қалай түсінуге болады?

-Жоқ енді олар 4- ші мамандығын көрсетіп тұр ғой.

3 пен 4 тің айырмашылығы не сонда?

-4 ші мамандық деп шешті комиссия.

Білім министрілігінде көп жылдар қызмет атқарған маман, білікті педагог Ерсайын Ерқожа грантттарды бөлген комиссия, білім деңгейін салыстырмай бассыздық жасады дейді. 97 балл алған оқушының орнына 81 балл  жинаған оқушыны таңдау, алдымен білім саласына, ең сорақысы жастарға жасалған қиянат деп санайды.

Ерсайын Ерқожа қоғам белсендісі:

-Комиссия министрдің бұйрығымен бекітіледі. Ал сол комиссияның дұрыс жұмыс істемегені білініп отыр.  Комиссияның ішінде кімдер бар? Тек қана білім минстрлігінің қызметкерлері бар. Ары кетсе бір-екі университеттің ректорлары болуы мүмкін. Ал олар бір үңіліп, ешқандай талдау жасап отырған жоқ.  Мынандай заңсыздықты, мынандай жемқорлықты мен еш уақытта көрген емеспін.

-Қазір, Назым мына оқу орнынының табалдырығын қорқа қорқа аттады. Әрине ақылы бөлімге. Жанайқайын жоғарыдағылар естір деген үміт бар, бірақ үрей де жоқ емес. Өйткені, министрліктегілердің беті бүлк етпесе, оқудың ақысын төлеу ауырға соғайын деп тұр. Ал қам көңіл ата-ана ақ қараны айрырар деп, прокуратура мен жемқорлыққа қарсы агенттікке арыз түсірген.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.