{metadescription}
Зейнетақы қорындағы ақша құнсызданып барады
Зейнетақы қорындағы ақша құнсызданып барады

Зейнетақы қорындағы ақша құнсызданып барады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржыға қауіп төніп тұр!  Мәжілісмендердің айтуынша,жұрттың қартайғанда қажет болады деп, жинап жүрген ақшасы девальвация мен инфляция кесірінен күн санап құнсызданып барады. Сондықтан, депутаттар шенеуніктерден  шұғыл индексация жасауды талап етті.

Теңгенің көз алдымызда  құлдырап жатқанын көріп отырған  жұрт  қымбатшылықтан қысылатын болдық деп, қорқып  жүрген. Енді бұған Бірыңғай зейнетақы қоры қосылып отыр. Бүгін депутат Айқын Қоңыров ай сайынғы табысының он пайызын мемлекетке аударатын жұмысшылардың жеке шотындағы қаржыға да қауіп төніп тұрғанын айтып, азаматтарды үрейлендіріп қойды.

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты:

-Қазір Ұлттық банк пен Үкімет қол қусырып қарап отыр. Халықтың басындағы мәселеге ешкім бас қатырмайды. Ал доллар қымбаттаған сайын зейнетақы қорындағы қаржы қатар  құнсыздануда.

Салымшылар  зейнетақы қорындағы ақшаға  өзі иелік етіп, оны жеке басқаратын депозит те емес. Және теңгемен ғана жинау міндет.

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты:

-Ұлттық банкке  Бірыңғай зейнетақы қоры мен депозиттердегі  ақшаны индексация жасауды ұсынамын. Себебі, азаматтар девальвация кезінде шығынға батады. Үкімет салымшыларға  доллар мен теңгенің арасындағы айырмасын төлеп берсін. Оған 3 триллион теңге қажет.  Бұдан бюджет  кедей болып қалмайды.

Индексацияға қажет соманы мұнай экспортынан түскен ақшадан алсын дейді депутат.  Сонда адамдардың ұлттық валютаға, Үкіметтің  қаржы саясатына  деген сенімі артады.  Оның үстіне,  қордағы  ақшаны бүгін-ертең  ешкім алып кетпейді. Жиналған қаржы  ел экономикасының қажеттілігіне жұмсалатынын айтты мәжілісмен.  Депутаттың пікірін экономистер де қолдайды. Бірақ, мамандардың өз ұсынысы бар. 

Сергей Домнин, экономист:

-Алдымен адамдардың жинаған ақшасын емес, табысын қорғау керек. Мәселен, айлық жалақысын көтеру. Бұл әлемдік тәжірибеде де бар. Сонда қарапайым халық инфляциядан зардап шекпейді. Ал зейнетақы қорын индексация жасау заңда жазылған.

-Сондай-ақ, журналистер депутатқа ауыс-түйіс науқанында Ұлттық банк төрағасын ауыстыру керек пе деген сауал қойған еді. Қоңыров Данияр Ақышевті орнынан алып тастағаннан, қаржы саясаты өзгермейді деді. Ал депутаттың өзі  артық ақшасын доллармен жинайды екен. Ел азаматтарына да депозитті түрлі валютада ұстауға кеңес берді. Сонда теңге девальвация болған жағдайда, салымшы қомақты шығынға батпайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде