{metadescription}
Ақтауда смарт-сағатқа тыйым салған шенеуніктерге ата-аналар қарсы шықты
Ақтауда смарт-сағатқа тыйым салған шенеуніктерге ата-аналар қарсы шықты

Ақтауда смарт-сағатқа тыйым салған шенеуніктерге ата-аналар қарсы шықты

Ақтаулық оқушылардың қолдарына смарт-сағат тағып, қымбат гаджет ұстауларына тиым салынды! Білім бөліміндегілердің мұндай қадамға баруларына ата-аналардың бірінің жанжал шығаруы себеп болыпты: яғни, балабақшадағы бүлдіршіннің қолына смарт-сағат тағып жіберген ананың әрекетіне тәрбиешілер қарсылық білдірген. Бірақ, баласының қауіпсіздігіне алаңдаған  ақтаулық тұрғын алған бетінен қайтпай отыр.

Светлана Бельченко, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Мен үшін баламның үнемі өз бақылауымда болғаны жақсы, өйткені елдегі балабақшаларда не болып жатқанын көріп отырмыз. Теміртаудағы жағдай ше кешегі? тәрбиеші, бала күтушісі тәжірибелі бола тұрса да баланы ұрып-соғулары мүмкін ғой. Менің балама да тәрбиешісі айқайлапты, бұл қауіптің алғашқы белгісі емес пе?

Светланаға сенсек, әуелгіде баласы бақшаға екі апта бойы смарт-сағат тағып барса да әуелгіде ешкім үндемепті. Бірақ, тәрбиешілер аяқ асты оны тақпауды талап еткен. Мұнымен келіспеген Светлана қалалық білім бөліміне арызданғанымен олар да өз қызметкерлерінің әрекетінің дұрыс екенін айтып шығарып салған. Есесіне, барлық мектептер мен балабақшаларды мұндай гаджетпен келуге шектеу қойылыпты.

Бағдат Тұрғанбаева, Ақтау қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Оқу процесі кезінде смарт-сағат алаңдатады, тек өзі ғана алаңдап қоймайды, өзінің қасындағы, жан-жағындағы балалармен оқушыларға да алаңдаушылық туғызады. яғни бұл оқу процесінің толыққанды өтуіне кедергі келтіреді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде