{metadescription}
Астаналықтар қоқыстан ақша жасап жатыр
Астаналықтар қоқыстан ақша жасап жатыр

Астаналықтар қоқыстан ақша жасап жатыр

Мұнда түрлі тұрмыстық қалдықтарды ақшаға айырбастайтын орталықтар пайда болды. Қабылданатын негізгі заттар қағаз, қалбыр мен пластикалық бөтелкелер. Бірақ, экологтар мұның оң нәтиже бере қоятынына күмәнмен қарап отыр.

Бұл қағаз, қалбыр, шыны мен пластикалық бөтелкелер сияқты қалдықтарды қабылдайтын орын. Бағалары әр түрлі. Мәселен, пластик бөтелкенің бір келісі 40, қалбырдыкі100 теңге. Ал, Газет 5, картон 20 теңге тұрады. Сол үшін әкелінген заттар алдымен таразымен өлшеніп, кейін соған сыйақы береледі.

Әзірге қоқыс әкеліп жатқан адам көп емес дейді кәсіпкерлер. Орта есеппен қаладағы осындай  9 орталыққа күніне 500 келідей қалдық түседі екен.

ӘСЕТ АБАЕВ, ҚОҚЫС ҚАБЫЛДАЙТЫН КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ:

-Көбісін әкелген тұрғындар. Көбі кітап, дәптер үйде жатқан. Сосын платикалық бөтелкелер. Бұл жобаға біз 5,5 млн теңгеден астам ақша жұмсадық. Жоба бойынша тағы екі пункт ашамыз .

Тұрғындардан жиналған қоқыс артынан, мынадай жүк көлігіне тиеліп,оны өңдейтін компанияға қымбатқа сатылады екен. Бұл солардың қоймасы.

-Мұнда әкелінген қалдықтар осында жақсылап сұрыпталады. Мәселен, мына жерде арнайы қондырғының көмегімен картон қағаздар нығыздалып, жиналады. Кейін мынадай дайын күйінде, қағаз шығаратын зауытқа қайта өңдеуге жөнелтіледі.

Бірақ, бұл бастама Астанадағы қоқыс мәселесін шешпейді дейді экологтар. Айтуларынша, бұдан тек кәсіпкерлер қалтасын қампайтады.

МЭЛС ЕЛЕУСІЗОВ, ЭКОЛОГ:

-Мұның бәрі бекер . Бұдан түк шықпайды бұл белгілі. Біреуі пластик жинаймыз дейді. Басқасы әйнекті жинаймыз дейді. Үшіншісі темір дейді. Ол ең қажеттілері. Ал, қалған қоқысты не істейміз? Кім өңдейді оны? Олар ішінен тек өздеріне керегін суырып алады. Қалғаны жатыр полигонда.

Сондықтан табиғат жанашырлары қалдықтан қажетті затты ғана термей, түгелімен өңдеуге кеңес беріп отыр. Бірақ ақша таусылса бұл бастаманың аяқсыз қала ма деп,-  экологтар қорқып отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде