{metadescription}
Ақтөбеде мұнай сақтайтын қоймада жарылыс болып, үш адам зардап шекті
Ақтөбеде мұнай сақтайтын қоймада жарылыс болып, үш адам зардап шекті

Ақтөбеде мұнай сақтайтын қоймада жарылыс болып, үш адам зардап шекті

 

Жанармай таситын көлік жүргізушінің жарақаты жеңіл болғанымен, жанындағы қос оператор хәл үстінде жатыр. Жарылыстың неден болғанын куәгерлердің ешбірі түсіндіріп бере алмайды.-Жарылыс болған мұнай қоймасы қала шетінде орналасқан. Қарулы күзет мұнда ешкімді жолатпайды. Өңірдегі алпауыт мұнай-газ компаниясына тиесілі жанармайды осы жерде сақтайды екен.

Мойнынан бастап, бір қолы түгел күйген Болат Сәрсенов сол күні қоймадан көлігіне жанармай құйып әкетпек болған. Үш автоцистернаның екеуін толтырып болған кезде жарылыпты. Жанындағы әріптестерімен қосып ұшырып жібереді. Мықты жалынан жанармай құйып тұрған екі оператор тірідей жана бастайды.

Болат Сәрсенов, көлік жүргізуші:

-Қасымда оператор болды Серік деген. Ол қашып бара жатқанда киімдері лаулап жанып жатты, жабысып. Сосын мен қашпа деп, киімдерін жұла бастадым. Сосын өзімнің үстімдегі курткам өртене бастады. Сөндіріп лақтырып тастадым жерге таптап-таптап. Артыма қарасам әйел адам үлкен кісі ғой өртеніп жатты.

Денесі түгел күйген әйел мен отыз жастағы азамат облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың хәлі нашар екенін айтады.

Сәкен Қапанов, Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері:

-Екеуінің жағдайы ауыр. Ем алып жатыр. Кеше Астанадан санавиация бойынша маман келіп, комбустиолог бірге қарап, диагноз бәрі қойылған.

Жарыс болған қойманың қожайыны - «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының «Синойл» жанармай құятын бекеті. Ондағылар тексерушілерге не болғанын жөнді түсінедіріп бере алмапты.

Бауыржан Оразаев, Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары:

-Жұмысшылар бір жағынан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзған шығар. Оны енді комиссия тергеп тексереді ғой.

Бұл оқиғаны тексеретін комиссияның құрамына бірнеше мекеменің өкілдері бар. Олар жарылыстың неден болғанын он күн ішінде анықтап, істі тәртіп сақшыларына тапсырады.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде