Үкімет Ұлттық қордан тағы ақша алғалы жатыр
Өйткені бюджеттің жыртығын жамау керек.
Автор: Ербол Тұрымбет
13.09.2018
Тимур Сүлейменов, Ұлттық экономика министрі:
-Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшерін 2019 жылы 2 триллион 450 миллиард теңге, 2020 жылы 2 триллион 300 миллиард теңге, ал 2021 жылы 2 триллион теңге сомасында белгілеу қарастырылуда.
Бұл қаражаттар 2019-2020 жылдардағы бюджет тапшылығын жоюға қажет. Наурыз айында ғана Сүлейменов басқаратын министрлік Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың жыл сайын қысқарып, 2019 жылы 2 триллион 300 миллард теңгені құрайтынын мәлімдеген болатын. Сүлейменовтің бүгінгі баяндамасында ол тағы 150 миллиард теңгеге көбейіп кетіпті. 2020 жылға жоспарланған Ұлттық қордан бөлінетін ақша көлемі де 300 миллиард теңгеге артық.