{metadescription}
Қарағандыда мектеп өртенді
Қарағандыда мектеп өртенді

Қарағандыда мектеп өртенді

Лезде жайылған жалын, мектеп шатырының жартысына жуығын шарпып үлгерген. Апат орнына тайлы тұяғы қалмай жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды бір сағат дегенде әрең ауыздықтады. Шатыры жанып, іші малмандай су болған білім ошағының 700-ге тарта оқушысы сабақтарын бүгін көршілес мектепте оқи бастады. Ал шағын орталықтағы 70-ке тарта бүлдіршін келісіммен жекеменшік балабақшаға орналастырылған. 

Сол маңда тұратын балалар мектептің күлі қалса, сабақ болмайды деп қуанса керек. Дегенмен, қызыл жалын білім ошағының шатырын ғана шарпыған. 15 техникамен келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды арыға барғызбай ғимаратты аман алып қалды.

-Мектепте бүгінгі ерен еңбек еден жуушылардыкі. Өйткені өрт сөндірушілердің жоғарыдан тонналап құйған суы әлі ағып таусылар емес. Сондықтан жаңа ғана сүртіп алған жерде мынадай көлшіктер тағы пайда болып жатыр.

Еден жуып жүргендердің бәрі – мұғалімдер. Әкімнің пәрменімен қаланың әр мектебінен екі мұғалімнен көмекке келіпті. Апаттан болған шығын көлемі анықталып жатыр.

Ақмарал Мақұлбекова Қарағанды қалалық білім бөлімі тәрбие секторының меңгерушісі:

-Өртті сөндуру кезіндегі судың зардаптары, енді алдағы уақытта қаражат бөлініп барлық жағдай дұрысталады дейміз. 700 шаршы метр шатыр зақымдалған мектептегі. Балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жөндеу жұмыстары кезінде балаларға мектепке кіруге болмайды.

Сондықтан бүгін апатты мектептің 700-ге тарта оқушысы көршілес 17-ші мектептің 3-ші қабатына орналастырылған. Мұнда сыныптары бөлмелері жеткілікті дейді. Көңіл сиса, бәрі сияды.

Гүлбаршын Қасым №36 орта мектеп қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

-Сиып отыр, сиғыздық. 17-мектептің әкімшілігі, біздің мектептің әкімшілігі түні бойы ақылдасып, сабақ кестесін жасап, балалар сабаққа келген кезде кабинет те, барлығы дайын болды.

Ал от шарпыған мектептің шатырын жөндеп, 3-тен 1-қабатқа дейін су өткен шұрық тесігін жамау біраз уақыт алғалы тұр. Мамандар өрт  шатырдағы электр сымдарының тұйықталуынан тұтануы мүмкін деп болжайды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде