Зауыттан зәрезап болғандар! Күнгейдегі Сайрам ауданына қарасты Әйтеке би ауылының тұрғындары екі бірдей асфальт зауыты жабылсын деп отыр. Олардың айтуынша, түтінге уланған жұрт түрлі кеселге ұшырап жатыр. Заң бойынша мұндай кәсіпорындар ел қоныстанған жерден бір шақырым алшақ тұру керек.
Түркістан облысында жұрт  зиянды екі  зауытты жабуды талап етті
Түркістан облысында жұрт  зиянды екі  зауытты жабуды талап етті

Түркістан облысында жұрт зиянды екі зауытты жабуды талап етті

Зауыттан зәрезап болғандар! Күнгейдегі Сайрам ауданына қарасты Әйтеке би ауылының тұрғындары екі бірдей асфальт зауыты жабылсын деп отыр. Олардың айтуынша, түтінге уланған жұрт түрлі кеселге ұшырап жатыр. Заң бойынша мұндай кәсіпорындар ел қоныстанған жерден бір шақырым алшақ тұру керек. Ал аудан шенеуніктері облыс әкімі мен прокурордан асып ештеңе істей алмаймыз деп отыр.

Ақсу өзенінің іргесіндегі 500-ге тарта шаңырағы бар ауылда 45 жылдан бері бір асфальт зауыты бар. Бірер ай бұрын ауыл іргесінде тағы бір алып кәсіпорын іске қосылыпты. Санитарлық норма бойынша мұндай кәсіпорындар ел қонысынан аласырақ тұруы керек. Ал мұнда зауыттың бірі ауыл ішінде, екіншісі іргесінде.

Молдияр Ибрайымов, Әйтеке би ауылының тұрғыны:

- Заң бойынша 1 километр деп заң шықты. Ал бұлар заңға бағынып отырған жоқ қой.

Күндіз-түні тыншымайтын кәсіпорындар тілшілер келеді дегеннен кейін өндірісті тоқтатып тастапты. Бірақ жан-жаққа шағым жазып жатқан жұртта бұлардың видеолары жеткілікті. Мәселен, мына кадр екі күн бұрын таңғы 6-да түсірген. Кәсіпорындардың құбырынан қою түтін будақтап, ауылға тарап жатыр.

–Мектепте құлап жатады балалар! Не үшін құлайды? Осы иісті иіскейді, құлайды. Өкпе шаңға толған. Мына жақта шошқа фермасы бар, екі зауыт  мына ауылды қысып өлтірді!

Жұрт шулап жиылған соң аудан шенеуніктері де жетті. Олардың айтуынша, экологтар сан мәрте тексеріп, айыппұл да салыпты. Ал зауытты біржола жауып тастауға ауданның шамасы жетпейді екен.

Шухратулла Убайдуллаев, Сайрам аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы:

- Шағымдар аудан әкімі атынан, аудан әкімінің орынбасарлары атынан барлық уәкілетті органдарға хат жазылған. Облыстық прокуратурадан бастап, экология, облыс әкіміне дейін осындай арыздар жазылған.

- Яғни, аудандық шенділердің бұларға шамасы келмейді?

– Иә.

-Жұрттан қашқақтайтын асфальт зауыты өкілдері тілшілермен де тілдескісі келмеді. Ал елдің мұң-мұқтажын тыңдап, шешуге атсалысуы тиіс сайрамдық атқамінерлер «білеміз, шешуге тырысып жатырмыздан» асып ештеңе айта алмайды. Тек тұншықтырған кәсіпкерлер мен бүгежектеген шенеуніктерден жалыққан жұрт қос зауытты қалай да жаптырамыз деп бекініп отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...