{metadescription}
Шымкентте соттың жабық өтуі жәбірленушілердің ашуын туғызды
Шымкентте соттың жабық өтуі жәбірленушілердің ашуын туғызды

Шымкентте соттың жабық өтуі жәбірленушілердің ашуын туғызды

Сотталушы сытылып кетпесін. Леңгрілік 35 жастағы Толғанай Мырзабекованың өлімі бойынша сот отырысын судья аяқ асты жабық процесс деп жариялады. Марқұмның жақындары осыған дейін ашық өткен істің тілшілер келуімен тоны айналуы-судьяның айыпталушыны жақтағанынан емес пе деп күдіктенеді. Ақыры кісі өлімі үшін айыпталған сотталушы 1 жыл шартты жазамен құтылды.  Естеріңізге салайық, арнамызда  жұмбақ өлімде көз жұмған Толғанай Мырзабековаға қатысты бірнеше бағдарлама жарыққа шыққан еді.

Шымкенттегі Әл-фараби аудандық сотынан әділдік іздеп келгендер үшін процесс басталмай жатып іс насырға шапты. Осыған дейін ашық жүргізілген іске тілшілердің қатысуы сол-ақ екен, судья журналистердің кіруіне болмайды, іс жабық түрге өтеді деп шала бүлінді. Марқұм Толғанай Мырзабекованың жақындары сот ғимаратын ашудан айқайлап бастарына көтергенмен, олардың базынасын тыңдап, құлақ түрген ешкім де жоқ.

-Судья мені тыңдамады. Менің аузымды жаба берді. Неге жаба берді білмеймін. Мен ғой жәбірленуші, анасымын.

Ұлмекен Мырзабекова іс сиырқұйымшақтанып кеткенін айтады. Қызы осыдан екі жыл бұрын өлді. Бірақ айыптының әлі жаза арқаламауы көңіліне күдік ұялатқан.

Ұлмекен Мырзабекова, Т.Мырзабекованың анасы:

-Қалай болғанын сол он үші күні, қалай өлтіргенін алып кеткенін бәрін біліп отырмын. Мені айттыртқызбады. Мен ырза емеспін сотқа. Енді сот аяғына дейін болсын. Егер неғылатын болса аппеляцияға беремін

Леңгірлік келіншек Толғанай Мырзабекова осыдан екі жыл бұрын көліктен құлап өлген. О баста суицид деп тергеушілер істі жапқысы келгенмен, кейін жаңа деректер анықталады. Күдікті ретінде Толғанайдың қыр соңынан қалмай жүрген әріптесі Саят Мықтыбайұлы қамауға алынды. Ажал құшқан күні дәл соның көлігінде болған. Туыстары бақсы-тәуіптердің де көмегіне жүгінген. Олар қызын буындырып өлтіріп, лақтырып кетті деген болжамдарын айтқан.

Келместің кемесіне кенеттен мінген қызын жоғалтқан ананың бар тілері қылмыскердің жазадан сытылып кетпеуі еді. Бірақ, судья оны шартты түрде сот залынан бостандыққа жіберді. Толғанайдың жақындары енді апелляциялық шағым түсірмек. 

Кеше

20 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.