{metadescription}
Қауіпті тұмауға қарсы тұру үшін бюджеттен 1 миллиард  бөлінді
Қауіпті тұмауға қарсы тұру үшін бюджеттен 1 миллиард  бөлінді

Қауіпті тұмауға қарсы тұру үшін бюджеттен 1 миллиард бөлінді

Осы күзде ел аумағында жаңадан қауіпті тұмау вирустары тарауы мүмкін. «Колорадо» және «Сингапур» деп аталатын вирустың жаңа түрлері қыстың соңына дейін ел тұрғындарын мазалайын деп тұр. Санитар дәрігерлер қазірдің өзінде 1 миллиард теңгеден астам қаржыға шетелден вакциналар сатып алып қойыпты. Ал қазаннан бастап халықты жаппай егу шаралары басталады.

Қазақстанға тұмаудың жаңа түрлері келетінін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ескертіп отыр. Былтыр ел аумағында «Мичиган» деген түрі ылаң салса, осы жолы «Колорадо» және «Сингапур» деп аталатын түрлері қауіп төндіріп тұр екен.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

-Осы түрлері ең қауіпті деп саналады. Ол «Сингапур». Неге десеңіз, бұл жаңа тип, бұрын айналымда болмаған. Әрине, халықта осы тұмаудың типіне иммунитет құрылған жоқ. Сондықтан, қауіптілігі де осыдан шығады.

Бұлардан қорғану үшін Голландия мен Ресейден 1 миллиард 200 миллион теңгеге 1 миллион 475 мың доза сатып алынған. Оның бәрін ақ халаттылар бірінші қазаннан бастап тұрғындарға  сала бастайды. Ал Бас санитардың өзі бәледен аулақ деп, антивирусты осы бастан-ақ салдырып алды.

- Ауырсынуды сезінбедім. Бұл өте қажетті вакцина.

Жалпы, екпе салдыру ерікті түрде жүргізіледі. Голландиялық түрін салдыру 2800 теңге болса, ресейлік түрі 1600 теңге тұрады. Екеуінің құны екі түрлі болғанымен, ағзаға әсерінде айырмашылығы жоқ. Тек мына әлеуметтік топтар үшін ғана тегін. 

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

-Біріншіден ол жиі-жиі ауыратын, созылмалы жүрек ауруымен ауыратын, тыныс жолдары, өкпе ауруларымен, созылмалы аурулармен ауыратын балалар. Одан кейін, медицина қызметкерлері, медицина қызметкерлері өздеріңізге мәлім, олар осы аурулармен емдейді. Сондықтан олар да қорғану керек.

Сонымен бірге, әлеуметтік мекемелерде тұратын балалар мен сондай үйлердегі мүмкіндігі шектеулі адамдар да вакцинаны тегін салдыра алады. 

-Бас санитардың айтуынша, аурудың алдын алу үшін бөлмелерді жиі желдетіп, ылғал шүберекпен сүртіп тұру керек. Пияз бен сарымсақ жеп, мұрынды тұзды сумен шайып тұру да көмегін береді. Ал тұмау белгілері шығып жатса, айталық, тамақ қышынып, ыстығыңыз 40 градустан түспей, мұрныңыздан су аға берсе, өзімбілемге салып ем жасау өте қауіпті. Одан да дереу дәрігерге қаралған дұрыс екен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде