{metadescription}
Денис Теннің  өліміне күдіктілер  пәтеріне ақша таппай ұрлық жасаған
Денис Теннің  өліміне күдіктілер  пәтеріне ақша таппай ұрлық жасаған

Денис Теннің өліміне күдіктілер пәтеріне ақша таппай ұрлық жасаған

Полицейлер   Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық істі осы айда сотқа жібереді.  Ішкі істер министрі Сочи Олимпиадасының қола жүлдегеріне  қастандық жасағандарды  тергеп болып қалғандарын айтты.   Қалмұханбет Қасымов  том-том  материалды  қыркүйектің соңына дейін судьяның  қолына  ұстатпақшы. 

Еске салсақ, 19-шы шілдеде  25 жастағы әйгілі спортшы көлігінің айнасын ұрлап қашпақ болған қос қарақшының қолынан қаза тапқан еді.  Министр сол күдіктілерге қатысты бірқатар  тың мәліметпен де  бөлісті. Мәнерлеп сырғанаушыны өлтірген Нұралы Қиясов Жамбыл облысынан, Арман Құдайбергенов  Байқоңырдан   құжатсыз Алматыға келіп, бірге пәтер жалдаған екен.  Әрқайсысы   ұрлық, мас күйде көлік жүргізгені үшін үш реттен  істі болған. Олар Денистің қымбат көлігіне  бірден бас салмапты.  Сол күні алдын ала көздеп кеткен. Ал қарақшылар темір тұлпардың   айнасын шешіп жатқанда Денистің өзі де шығып қалады. Спортшы күдіктінің бірін қуып жетіп,  ұстап тұрғанда екіншісі келіп, марқұмның  аяғына  пышақ сұққан.  Айта кету керек, болған оқиғаны біле тұра  дереу полицияға хабарламағаны үшін Жанар Толыбаева да  қамауға алынған болатын. Бойжеткен де Алматыға уақытша жұмыс істеу үшін  Жамбыл облысынан келген екен.

Қаллмұханбет Қасымов, Ішкі істер министрі:

-Күдіктілер бастапқыда көлік жуатын орында  жұмыс істеген, кейін  айна ұрлауға ауысқан. Сол күні пәтерге төлейтін  ақша іздеп, қарақшылыққа шығады. Екеуі көлікті 300 метр жерден көріп, тоқтайды. Айнасында жазу не,  нөмір жоқ екенін байқайды. Ал Денис Тенді не үшін өлтіргендерін сотта айта жатар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.