{metadescription}
Мәскеуде биіктен құлап өлген Томирис Байсафаның анасы тағы мәлімдеме жасады
Мәскеуде биіктен құлап өлген Томирис Байсафаның анасы тағы мәлімдеме жасады

Мәскеуде биіктен құлап өлген Томирис Байсафаның анасы тағы мәлімдеме жасады

Томирис Байсафаның ісін қарайтын тергеуші тағы да ауысты! Мәскеудегі маңдайалды университеттің жоғарғы қабатынан құлап кеткен қазақ қызы қазасының себебін анықтауы тиіс мамандар осымен төртінші мәрте ауыстырылып жатыр. Бұған алаңдаған анасы істің әдейі созбалаңға салынып жатқанына сенімді.

Жанна Ахметова, марқұм Т.Байсафаның анасы:

-Үш тергеуші ауыстырдық. Тергеудің өзі де өте баяу жүріп жатыр. Қызыммен араласқан достары мен таныстары енді сұралуда. Мен тек әділдік сұраймын. Қызымның өліміне кінәлілер табылып, жауапқа тартылса деймін.

Қыздың шешесінен де куәлік енді ғана алыныпты. Жанна Ахметованың Мәскеуден келген беті осы. Айтуынша, істе әлі бір ілік жоқ. Ал жақында ғана тағайындалған үшінші тергеушіні төртіншісі алмастырған. Салдарынан іс баяу жүріп, сараптамалар да дайын болмай жатқан көрінеді. Естеріңізге салсақ, Мәскеудегі ең Халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан сонда оқып жүрген жерлесіміз Томирис Байсафа құлап кеткен болатын. Бастапқыда «қыз суицид жасады» делінгенімен, көп кешікпей оның аудиторияда жалғыз болмағаны анықталған. Алайда, «Өлімге итермеледі» деген бап бойынша іс қозғағандар әлі күнге дейін күдіктіні таппай жатыр. Ал сол күні Томиристің қасында болған жалғыз жігіт Дағыстанның бұрынғы Үкімет басшысының баласы Муртузали Меджидов куәгер боп шыға келген. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде