{metadescription}
Атырауда шенеуніктер құлаған лифтіге тұрғындардың өзін кінәлады
Атырауда шенеуніктер құлаған лифтіге тұрғындардың өзін кінәлады

Атырауда шенеуніктер құлаған лифтіге тұрғындардың өзін кінәлады

Атырауда тағы да лифт құлады! Абырой болғанда, адам өлімі болған жоқ. Бірақ, зардап шеккендер бар. 24 жастағы келіншек пен 6 жасар бүлдіршін шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Жергілікті әкімдіктегілер бұл жағдайға тұрғындардың өзін кінәлі санап отыр.

Оқиға түн ортасында «Алмагүл» ықшам ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйде болды. Тұрғындардың айтуынша, 15-ші қабатта тұратын туыстарына қонаққа келгендер қайтарда лифтіге мінген. Бірақ, үшінші қабаттың тұсына келгенде апаттық жағдай болды.

Көпжасар Меңдіғалиев, Атырау қаласының тұрғыны:

-3- 4-ші қабатқа келгенде лифтінің тросы үзілген.  Қайта әйтеуір адам аман қалды.Бізде бірінші жағдай емес болып жатқан. Осы ортаңғы подьезден 2011 жылы келіншек баласымен құлап  қайта әйтеуір баласы аман қалды, өзі бақилық болды.

Айгүл Жантоқова, Атырау қаласының тұрғыны:

- 2009 жылдан бері тұрамыз осы үйде. 2009 жылдан бері лифт тұрақты жұмыс жасаған жоқ. Ішінде талай балдар қалып қойып жатады, өзімнің қызым 2-3 рет лифтіде қалып, жылап, қорқып қалды.  Көпке дейін лифтіге мінбеді содан кейін.

Он жылдан бері оңдыртып жұмыс істемесе де, лифтілерге әкімдік шаң жуытар емес. Есесіне, «топтасып мінеді» деп тұрғындардың өздеріне кінә артып отыр.

Қайрат Хабиев, Атырау қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы:

-Біздің ақпарат бойынша, 7 адам болған. Салмақтың көп болуына байланысты лифтінің авариялық жүйесі  жұмыс жасаған. Сондықтан бұл жерде ешқандай келеңсіз жағдай болған жоқ.

Яғни, апат кезінде қосылатын автоматтық жүйенің көмегімен лифт жертөлеге жетпей тұрып қалған. Жалпы Алмагүл мөлтек ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйлердің лифтілерінде орын алған келеңсіз жағдай тек бұл емес. Биыл мамыр айында ғана дәл осы үйлердің бірінің 15-ші қабатындағы есігі ашық қалған лифт шахтасына 2 жасөспірім құлап, қайтыс болған еді. Ол оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу әлі жүріп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде