{metadescription}
Қарызға батқан анасын тығырықтан шығару үшін қалаға аттанған қыздың тағдыры
Қарызға батқан анасын тығырықтан шығару үшін қалаға аттанған қыздың тағдыры

Қарызға батқан анасын тығырықтан шығару үшін қалаға аттанған қыздың тағдыры

Алматылықтар халықаралық Қазан кинофестивалінде гран-при ұтқан отандық фильмді тамашалады. «Ласковое безразличие мира» - режиссер Әділхан Ержановтың туындысы. Almaty film festival аясында оның таныстырылымы өтті.

Басты рөлдегі Салтанат әкесінің өлімінен кейін, қарызға батқан анасын тығырықтан шығару үшін ауылдан қалаға аттанады. Алып шаһарға арумен бірге оның досы Қуандық та бірге барады. Ақша табу жолында қиындыққа тап болғандардың арамдықтың қақпанына түсіп, адамдықтың ауылынан алыстай жаздаған сәттері де көп. Халықаралық кинобайқауларда жоғары баға алған Әділхан Ержановтың «Ласковое безразличие мира» фильмін ел кинотеатрларында көрсету жағы әзірге белгісіз.

Әділхан Ержанов, режиссер:

-Қоғамда, айналамызда бар әлеуметтік қайшылықтардың бәрін осы фильмнен көруге болады. Бір біріне қосыла алмайтын ғашықтардың да оқиғасы көрініс тапқан. Бұл фильм бір шетінен Қозы көрпеш пен Баян сұлудың тағдырындай. Дала аңызы фильмде замануи болып түрленген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.