{metadescription}
Ақтауда құмар ойын бизнесін қыздырған қылмыстық топ мүшелері сотталды
Ақтауда құмар ойын бизнесін қыздырған қылмыстық топ мүшелері сотталды

Ақтауда құмар ойын бизнесін қыздырған қылмыстық топ мүшелері сотталды

Заңсыз ойынханалар ашқан пысықайларға қатысты сотта Бейнеу ауданы Ішкі Істер бөлімінің бұрынғы басшысы Арыстан Борановтың да ісі қаралған.

Ол оңай олжаны көздеген кәсіпкерлерге қолдау көрсетті және пара берді деген күдікке ілінген еді. Іс материалы бойынша, Боранов заңды белшеден басқан кәсіпкерлер мен тәртіп сақшыларының арасында делдал болған көрінеді. Ойынхана қожайындарының емін-еркін жүруіне барлық жағдай жасапты-мыс. Өткен жылы экс-полицейдің үйін тергеушілер тінтіп, 4 миллион теңгеге жуық қаражатты тәркілеген еді. Бірақ Боранов бүгінгі сотта ақталып шықты. Ал құмар ойынға жол беріп, тәртіп сақшыларына 1 миллион 800 мың теңге көлемінде пара ұсынды деп айыпталған кәсіпкерлер жеңіл жазамен құтылды. Судья 7 кәсіпкердің бұрын сотталмағаны ескеріп, олардың бостандығын 2 жыл 6 айға шектеді.

Азат Ізбасаров, Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

-Бес ойын залын ашқан. Олардың ішіндегі мүліктің барлығы тәркіленді. Барлығы мемлекеттің пайдасына өндірілетін болды. 118 дана процессор, 91 дана монитор, 3 дана телевизор және 5 миллион 400 мың теңге ақша мемлекет пайдасына өндірілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде