{metadescription}
Сарапшылар теңгенің тағы құлдырауы мүмкін екенін айтады
Сарапшылар теңгенің тағы құлдырауы мүмкін екенін айтады

Сарапшылар теңгенің тағы құлдырауы мүмкін екенін айтады

Теңге нығайып келеді. Экономистер төл ақшамыздың еңсесін тіктеуіне мұнай бағасының қымбаттауы түрткі болғанын айтады. Олар таяу арада Ұлттық банк интервенция жасамаса, Ресейге салынған санкцияның екінші кезеңінен кейін доллар қайта шарықтайтынына сенімді.

-Теңге қайта нығайып келеді. Бір тәулікте ұлттық валюта долларға шаққанда бірден 7 теңгеге қымбаттап, ақша айырбастау пунктерінде көк қағаз 361-363 теңге аралығында саудаланып жатыр. Бірінші кезекте бұл Ресей ақшасының нығаюынан кейін болған құбылыс.Яғни, рубльдің долларға қатысты құны 69 тиынға өскен.

Алайда, дүкен сөрелері мен базарлардағы тауар бағасы шарықтап, ырыққа көнбей тұр. Осы орайда, ұлттық валютаға қатысты пікір айтудан танбайтын мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов отандық өндіріске қан жүгіртіп, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету тығырықтан шығудың жалғыз жолы дейді.

Аманжан Жамалов мәжіліс депутаты:

-Біріншіден отандық кәсіпкерлерге несие беру бағдарламасын жеңілдету керек. Сосын оларға салынатын салықты азайту керек. Сапасы керемет болмаса да, отандық өнімді көптеп шығарған жөн. Экспортқа көңіл бөлсек, ұтылмаймыз. Ең болмаса, халық күнделікті тұтынатын тауарлардың өндірісін дамыту керек.

Сарапшылар «өгіз аяңдап» нығайып келе жатқан теңге тағы сан құбылатынына сенімді. Себебі, Ресейді  қараша айында Ақ Үй санкциясының екінші кезеңі күтіп тұр. Экономистер Кремльдің экономикалық шектеулерге төтеп беретін жолдарды іздеуге кіріскенін жеткізді.

Айдар ӘЛІБАЕВ экономист:

- Бұл өзгеріс ұзаққа созылмайды. Мен алдағы уақытта рубль мен теңгені ұстап тұратын ешқандай факторларды көрмей отырмын.Бүгінде Ресей қаржы министрлігі долларды сатып алуды тоқтатты. Көрші елде АҚШ ақшасына дефицит жоқ. Ресей банктері пайыздық мөлшерлемелерін көтерді. Осыдан кейін ғана рубль нығайды.Санкциядан кейін бәрі қайта қалпына келеді.

Бүгін қара алтынның бағасы өсіп, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 78 доллар төңірегінде саудалануда. Еліміздегі мұнай экспортерлері де қазір салық төлеп жатыр екен. Алыс-берістің тек теңгемен жүретінін ескерсек, ұлттық валютаның нығаюына бұл да әсер етті дейді экономистер.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

03 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.