{metadescription}
Жаһандық ядролық қаруға қарсы альянс қайта құрылғалы жатыр
Жаһандық ядролық қаруға қарсы альянс қайта құрылғалы жатыр

Жаһандық ядролық қаруға қарсы альянс қайта құрылғалы жатыр

Бейбітшілік үшін күресетін халықаралық ұйымның жұмысын «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі жандандырмақ ойда.

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ, «НЕВАДА-СЕМЕЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ:

-Бірнеше айдан кейін «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығына арнап Алматыда конференция өткіземіз. Оған АҚШ, Жапония сияқты елдердің өкілдері де қатысады. Сол жиында ядролық қаруға қарсы альянсті қайта құрғымыз келіп отыр. Негізі, бұл ұйымның жұмысы 1991 жылы тоқтаған еді.

Мұны Олжас Сүлейменов Астанада өткен «Ядролық қарусыздандыруда қазақ-жапон ынтымақтастығы: Бір тағдыр, жалпы мақсаттар» деп аталатын конференцияда айтты. Тұңғыш президент қоры ұйымдастырған жиынға күн шығыс еліндегі Гои бейбітшілік қорының президенті арнайы келді. Хироо Сайонджидің айтуынша, ядролық қару әлдеқашан ірі державалардың қолшоқпарына айналған. Ал оның қандай қасірет әкелетінін ойлай бермейді дейді ол. Сондықтан бомбалауды бастан кешірген Қазақстан мен Жапония ғана емес, бейбітшілік үшін әлем болып күресуіміз керек.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде