{metadescription}
Қарағандыда сержант тура казармада атылып өлді
Қарағандыда сержант тура казармада атылып өлді

Қарағандыда сержант тура казармада атылып өлді

Қарағандыда келісім шарт бойынша әскери  қызмет атқарып жүрген кіші сержант атылып өлді. Марқұм Тимур Нұрманов  өзіне  тура маңдайынан  оқ  атқан. 22 жастағы Шымкенттің  тумасы суицидті казармада жасапты. Марқұмның туыстары әскери болуды армандаған ұлдарының өз еркімен мұндай сұмдық қадамға барғанына сенбейді. Айтуларынша, ол қызметтестерінен  немесе  басшылықтан қысым көрген болуы мүмкін.

22 жастағы Тимур Нұрманов кезінде өзінің Отан алдындағы борышын да осы Қарағандыдағы  6505 әскери бөлімінде өтеген екен. Әскери саланы таңдаған жігіт, одан кейін мұнда келісім шарт бойынша қызмет етуге қалған. Үш жыл бойы басшылар тарапынан тек мақтау ғана естіген жігіттің  өз еркімен мұндай сұмдыққа  барғанына туыстары сенбейді.   

Тайыр Нұрманов ,  марқұмның атасы: 

-Біреумен ерегескен болса , командирлері  білу керек еді. Ал өзі мына жерінен мылтық қойып кім атады? Ауру емес,сау адам.  Қысым көрсеткен бір адам.Әйтпесе өзін лтірмес еді.

Қайғылы оқиға марқұм күзеткен колония жанындағы казармада, түстен кейін сағат 4 кезінде болған. Саптың соңында баспалдақпен түсіп келе жатқан сарбаз Калашников автоматының ұңғысын тура маңдайына  тақап, шүріппені басып қалған. Оқ дәріні енді алуға бара жатқан оның қаруының неге оқтаулы болғаны да жұмбақ. 

Аян Есжанов,  6505 әскери бөлімінің командирі:

-Бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеру тағайындалды. Болған оқиғаны әскери  прокуратураға ,  Ішкі істер министрлігінің тергеу басқармасына хабарладық. Біздің әскери бөлім ұжымы сарбаздың  жақындарын қайғырып көңіл айтады.  

Немересімен жақында ғана телефонмен тілдескен  әжесі де әңгіме барысында еш күдік тумады дейді.   Тиісті сараптамалардан кейін мәйіт мырыш табытпен Шымкентке жөнелтіледі. Марқұмды сенбі күні жерлемек.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде